Онлайн газет



АУЫЛЫНА ҚАРАП, АЗАМАТЫН ТАНЫ...

Тазалық пен тәртіп кез келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындар мәдениеттілігінің өлшемі. “Ауылына қарап, азаматын таны” дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті де көрікті болуы ауыл тұрғындарының жанашырлығына тікелей байланысты.
Негізгі мақсат - халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштік, туған жерге және қоршаған ортаға деген жанашырлық пен құндылықтарын дәріптеу.
Оның аясында қыстан кейін елдімекендерді тазарту және абаттандыру жұмыстарына азаматтарды кеңінен тарту, осы іс-шараларға жастардың, еріктілердің әлеуетін жұмылдыру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда, еліміз бойынша аталған акция өз жалғасын табуда.
Акцияға қосылған өңірлер арасында Байзақ ауданы да бар. Байзақ ауданының орталығы саналатын Сарыкемер ауылындағы Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта бөлім, мекеме қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілердің “Руханият” волонтерлік қозғалысы және жастар мен волонтерлардың қатысуымен санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақтың аумағын, ондағы батыр ескерткішін, балалар ойын алаңшасын, скверлер мен орындықтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, тазалық жұмыстарына елуден астам адам қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Санитарлық тазалық барысында екі тоннаға жуық қоқыстар шығарылып, 250 шаршы метр аумақ тазаланды.
- Әрбір тұрғын өзінің ауласының тазалығына, тұрғылықты жеріне жанашырлықпен қараса, ауданымыздың көркейіп, гүлденуі өзіміздің қолымызда екені белгілі. Баршамыздың қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау азаматтық парызымыз - дейді бізге берген сұхбатында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директоры Мұхтар Қозбаев.

 

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНДА АЗАМАТТЫҚ ТАНЫТТЫ

Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта жүргізілген санитарлық-тазалық жұмыстарының соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Онда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, өз үлестерін қосқаны үшін «Ең үздік волонтер» аталымы бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының Алғыс хатымен мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы  Ерлан Бартбек, волонтерлар №3 Байзақ колледжінің 3-курс студенті  Бағжан Өксікбай , «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушы Аякөз Базарбаева марапатталды.
Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал, қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.
Аудан, ауыл тазалығы - баршаға ортақ іс. Өйткені, денсаулықтың кепілі - тазалық. Ауданымыздағы тазалық, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жыл бойы жалғаса беретін болады.
Жалпы, таза орта қалыптастыру тазалаудың емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асатындығы айдан анық. Ендеше, өңіріміздің тазалығын сақтауға біркісідей үлес қосайық.

Айдар Алдабергенов.

Обновлено 11.06.2024 11:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін850
mod_vvisit_counterКеше1348
mod_vvisit_counterОсы аптада8068
mod_vvisit_counterӨткен аптада8176
mod_vvisit_counterОсы айда32414
mod_vvisit_counterӨткен айда62198
mod_vvisit_counterБәрі2396674

Серіктестер