Онлайн газет



Бала тәрбиесі- маңызды шаруа


Өткен аптада аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі кеңестің  кезекті отырысы өткізілді. Оны осы кеңестің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары М. Демесинов ашты.Бұдан соң «Орта білім беретін мектеп оқушылары бойына  имандылық құндылықтарын дарыту,  неке мен отбасын нығайту негіздерін

үйретудің маңызы» атты тақырыпта  аудан әкімдігі білім бөлімінің  әдіскері И.Спаналиева баяндама жасап, білім ошақтарында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Отырыс барысында кеңес мүшелері тарапынан  мектеп қабырғасында дәріс алып жатқан  жеткіншектер, соның ішінде қыз балаларға дұрыс тәрбие беру,  Елбасының үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған  міндеттерді атқару, ұстаздар мен ата -аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту  қажеттігі  айтылды.
Сондай-ақ  алдыңғы отырыста қаралған басты мәселе- «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, қиюы қашқан  отбасылар мен зорлықтың алдын алу»  туралы аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ә.Әмірханованың  жасаған баяндамасы бойынша қолға алынған жұмыстар сарапталды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 25.04.2014 09:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін279
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9301
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5208
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256877

Серіктестер