Онлайн газет



ЖАТ АҒЫМ - ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Өткен аптада аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл бөлім қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина қатысты.
«Жат ағым-жарға жығады» тақырыбында өткен кездесуді бөлім басшысының орынбасары, подполковник Есжан Абдиманапов ашып, жүргізіп отырды.
Биылғы жыл Ислам және дәстүр құндылықтары жылы болып белгіленген. Осыған байланысты дәстүрлі дінді насихаттау мақсатында өткен кездесуде алдымен сөз Қанат Жұмағұлға берілді.
-Еліміз егемендігін алған жылдары дінге деген шөліркеу болды. Оның басты себебі-бізде теолог, дін танушы мамандары болмады. Кеңес Одағы кезінде дінді апиын деп есептеді. Ал кейінірек араб тілдері оқытыла бастады. 1990-2000 жылдар аралығында Ресейде салафизм, вахабизм проблемасы орын алса, кейін ол бізгеде жетті.


Дәстүр құндылықтарын білмей дін жағымен жүруде қауіпті. Ал керісінше дін жағын білмей құндылыққа да жүру қиын. Тек діни бағытқа бейімделіп, құндылықтарды ұмыт қалдыруға болмайды. Әрбір ұлт өз құндылықтарын, салт-дәстүрлерін сақтауға құқылы. Мәселен, мұсылмандар бірнеше мемлекетте тұрады. Олардың бәрі араб болып кеткен жоқ. Оларда өз құндылықтарын сақтауда.
Адам көп нәрсені өзінің тілінен табады. Ислам діні осыны кеңінен насихаттаған. Демек, тілге еге болу керек. Осы жерде Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың өнерді екіге бөліп қарағанын айтуға болады. Оның бірі-Тірлік өнер болса, екіншісі- Көрнек өнер. «Өнер алды-қызыл тіл» демекші, мұнда қазақ тілінің ішкі жан дүние құндылықтары айтылады. Демек, тілге абай болуымыз керек,- деді ауданның бас имамы.
Ол сондай-ақ адалдық, еңбекқорлық, бала тәрбиесі, Отан қорғау, тағы басқада мәселелер жайында айта келіп, жиналғандарды жат ағымнан аулақ болуға шақырды.
Кездесу соңында бөлім басшысының орынбасары  Есжан Қалдыбайұлы бүгінгі шараны ұйымдастырған ішкі саясат бөлімі қызметкерлері мен әсерлі әңгіме айтқан “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Қ.Жұмағұлға алғыс айтты.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 11.06.2024 10:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін484
mod_vvisit_counterКеше1348
mod_vvisit_counterОсы аптада7702
mod_vvisit_counterӨткен аптада8176
mod_vvisit_counterОсы айда32048
mod_vvisit_counterӨткен айда62198
mod_vvisit_counterБәрі2396308

Серіктестер