Онлайн газет



ЖАЗҒЫ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАЙЫҚ!

Жаздың ыстық күнінде салқын суға шомылып, ыстық құмға қыздырынғанға не жетсін. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақталмайтын болса, оның соңы толмас өкінішке әкеліп жатады.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  аудан аумағындағы демалыс аймақтарына демалуға келген ересектер мен балаларға  тыйым салынған өзен, суға түспеу керектігі мен қауіпсіздікті сақтау туралы парақшалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.  Сонымен қатар тек арнайы жабдықталған бассейндерге баруы қажет екендігі ескертілді. Ал белгіленбеген су көздерінде суға  түсу қауіпті екендігі айтылды. Мұнымен қатар балалардың белгіленбеген жерлерде шомылмауын, оған бейімделмеген құралдарда (заттарда) жүзбеуін және судағы қауіпсіздік ережелерін басқа да бұзушылықтарға, жол бермеуін назардан тыс қалдырмаған абзал.
Суға түсер алдында төмендегі жайттарға көңіл аударыңыздар:
-Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
-Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
-Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
-Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
-Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
-Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды.
-Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
-Суға тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.
-Суда ойнау кезінде бір-бірінің қол-аяқтарынан жармасуға болмайды.
-Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
-Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
«Суға шомылуға тыйым салынады!»  деген ескерту жазылып ілінген су нысандарында шомылуға қатаң тыйым салынады.
Ал өрт немесе түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда «101»  немесе  «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды ұмытпаңыздар. Қандайда бір төтенше жағдайларға жол бермей, сақтық шараларын сақтау өз қолдарыңызда екенін есте ұстаңыздар.

Архат ӨКСІКБАЕВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің  аға инженері, азаматтық  қорғау капитаны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін715
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада7955
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36062
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776232

Серіктестер