Онлайн газет



Әлияның ерлігіне арналды

1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы жылдарында көзсіз ерлік көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазған батырларымыз аз емес.   Солардың бірі -Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туылған күніне орай, аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мерген қыз»  атты тақырыптық кеш өткерілді.
Батыр қыздың өмірі мен ерлігін ұлықтаған шарада отты жырлар оқылды. Әсіресе   Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің 8-сынып оқушылары  Н.Бақтыбаев,  М.Жұмасаева және С.Төребековалар халқымыздың қос шынары: Әлия мен Мәншүкке арналған жырларды нақышына келтіріп оқыды. Осы мектептің оқушысы  Ұ.Қалиева Ә.Молдағұлованың  соғысқа аттанып бара жатқан кезін шынайы сомдап,   арудың   жауға деген өшпенділігін  өлеңмен өре білді.  А.Абдултәліп ақын  Ж.Молдағалиевтың «Әлия»,   Б.Өтеғалиев    майдангер-ақын  Әбу Сәрсенбаевтың «Сен құрметте оны!» атты өлеңдерін  мәнеріне келтіріп оқыды.
Ерлікті әспеттеген шара соңында кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Ерте солған гүл» атты кітап көрмесінің жанында  балалар кітапханасының  кітапханашысы Р.Чингиспаева  әдебиеттерге шолу жасады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 25.04.2014 09:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1404
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8817
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4724
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256393

Серіктестер