Онлайн газет



Маңызы зор форум


Дүйсенбі күні аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі кеңес,  білім бөлімінің ұйытқы болуымен “Отбасым - мақтанышым, тірегім!”  атты ата-аналарға арналған аудандық форум өтті.
Форумға жиналғандар алдымен аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасын,  Сарыкемер орта мектебінің 5-6-сынып оқушыларының  отбасын ұлықтаған жырларын, “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” атты бейнебаянды тамашалады.
Қоғамдағы өзекті мәселені қозғаған жиынды  аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова ашып,  отбасындағы  бала тәрбиесі, соның ішінде қыз баланың тәрбиесінің маңызын сөз етті. Бұдан соң сөз алған Түймекент орта мектебінің  директоры Ш.Қапарова “Бала тәрбиесінің діңгегі- ата-ана мен мектеп”,  Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің директоры Г.Есентаева “ Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері”,  Мырзатай орта мектебі ата-аналар комитетінің мүшесі Б. Мырзақұлова “ Отбасы-бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік”, Н.Гоголь атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А. Сүгіралиева “ Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері”,  Ы. Алтынсарин  атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Зауырбекова “Қыз тәрбиесі-халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты” атты тақырыптарда  баяндама жасады.
Баяндамашылар жаһандану дәуірінде отбасы құндылықтарын сақтау, жанұядағы  қыз балаға берілетін тәрбие  бесіктен басталатындығы, сондай-ақ,  бүгінгі ұл - ертеңгі әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана екендігі, балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам екендігі туралы  тұщымды ойларымен өзара бөлісті.  Сонымен қатар аталмыш білім ошақтарында  осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді.
Форумда  аудан әкімінің орынбасары М. Демесинов, аудан әкімі аппаратының  бас инспекторы С.Иманова  сөз сөйлеп,  бала тәрбиесі-баршаға ортақ  шаруа болғандықтан отбасы – ата-ана – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізілетіндігін, әсіресе  гендерлік  тепе-теңдікті  нығайтуда- халқымыздың құндылықтарын сақтаудың,  отбасының, балалардың игілігін арттыруда әйелдер рөлінің маңыздылығын сөз етті.
Маңызды жиынды аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова қорытындылады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 25.04.2014 09:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін352
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9374
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5281
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256950

Серіктестер