Онлайн газет



Ардагерлер өзара тәжірибе алмасты

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Өткен аптада Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімшілігінде аудандық  ардагерлер кеңесінің  мұрындық болуымен  бастауыш ардагерлер ұйымының  іс-тәжірибесін насихаттауға арналған  аймақтық семинар-кеңес өткерілді.
Семинарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов ашып,  Елбасының үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда ардагерлер қауымына жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын   әңгімеледі. Одан кейін Қызыл жұлдыз ауылдық ардагерлер  алқасының төрағасы Ә.Дүйсенбеков «Ардагерлер ұйымына басшылық жасау және ұйымдастырудағы бастауыш ұйымның рөлін арттыру» тақырыбында баяндама жасап, осы округтегі ардагерлермен бірлесіп атқарылған тірліктерді, бастауыш ұйымның рөлін көтерудегі тәжірибесін ортаға салды. Қостөбе ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы М.Сулейменов  болса аға  буынның жастармен бірлігін сөз етті.  Үлгілі ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Садуақасов  «Тұрмысы және әлеуметтік жағдайы төмен зейнеткерлерге көмек ұйымдастырудағы ардагерлер бастауыш ұйымының жұмысы” деген тақырыпта  әңгіме қозғады.  Баяндамашы  аталмыш округте тұрып жатқан ардагерлердің ұйытқы болуымен  көмекке мұқтаж отбасыларына көрсеткен қамқорлықтары жөнінде кеңінен әңгіме етті.  Бурыл ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы  С.Қуатбеков елдімекендерді көгеріштендіру және тазалық айлығын өткізудегі ардагерлердің белсенділігін сөз ете отырып,  әлі де болса  атқарылатын тірліктер аз еместігін  тілге тиек етті.  Көктал ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ж.Рәпілбеков  болса ағымдағы жылғы  Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды ел-жұртқа насихаттаудағы ардагерлерге артылған міндеттерге  жеке-жеке тоқталды.
Семинар жұмысына қатысқан аудан әкімі аппаратының  бас инспекторы С.Иманова  аға ұрпақтың  қоғамдық өмірдегі орнына, алдағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстарының басталып кеткендігін, аудан көлемінде қолға алынған  жұмыстарға тоқталды.
Кеңесті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов қорытты. Ол өз сөзінде  осындай  алқалы жиынның берері мол екендігін айтты. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарға құрмет көрсету, ескерткіштердің айналасын көгеріштендіру,  яғни Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстарын  жандандыру, ардагерлер  алқасының кабинеттерін жабдықтауды назардан тыс қалдырмау керектігін  баса айтты.
Жалпы алқалы жиынға қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша тәжірибелерін ортаға салып,  өзара  тәжірибе алмасты.

Обновлено 25.04.2014 09:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін679
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9701
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5608
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257277

Серіктестер