Онлайн газет



МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Жуырда «Нұр Отан» партиясы  Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Н.Тлепов,  аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің маманы И.Биторсықова, аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының бас маманы С.Кембаевтардың қатысуымен Жетібай және Ынтымақ елдімекендерінде қоғамдық қабылдау болып өтті.
Осы елдімекендер тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарынан қоғамдық қабылдауға алдын ала тіркелу бойынша 14 адам қатысты.
Алдымен Ынтымақ, кейіннен Жетібай ауылдық әкімшілігі ғимаратында өткізілген қабылдау барысында «Нұр Отан» партиясы  Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Н.Тлепов ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығына тоқтала келе, белгіленген  кесте бойынша  ауылдардың тыныс-тіршілігін, азаматтардың хал-ахуалын, әлеуметтік жағдайларын, өтініш-пікірлерін білу үшін  азаматтарды қабылдауға келгендерін жеткізді.
Қабылдау барысында азаматтардың әлеуметтік мәселелері, жұмыспен қамту бойынша, яғни жұмыс табуға көмектесу және 18 жастан кейінгі мүмкіндігі шектеулі  балаларды асыраушы аналар үшін жәрдемақы, тағы да басқа көкейкесті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жетібайлық зейнеткер  У.Абдраймова бала жастан мүгедектігі бар қызына бала күтуші ретінде  берілетін жәрдемақы жайында сұраса, Аққия ауылының тұрғыны, зейнеткер Қ.Тайбагаров қызының  тігінші мамандығын алу жолдарын түсіндіруді өтінді. Жетібай ауылының тұрғыны, 3-топ мүгедегі, көп балалы ана  Қ.Қошаева мүгедектігіне  алатын жәрдемақысына қаншалықты қосылатынын білгісі келгенін, ал, Р.Дербисова отбасында 8 жан барын айта отырып, үлкен ұлының  екі баласына жәрдемақы  алу жолдары мен оқу бітіріп келген қызын жұмысқа орналастыруға жәрдем беруін сұранды.
Сондай-ақ қабылдауға келген ауыл тұрғындары Н.Алданова, П.Сарсембиевалар ақылы қоғамдық жұмыс мәселесі төңірегінде сөз қозғап, квотаға қол жеткізу мәселесін көтерсе, Жетібай ауылдық клубының меңгерушісі  Т.Карибаев, жастар  ісі жөніндегі маман А.Айтеновалар ауылдық округке қарасты үш елдімекенде  қазіргі таңда ауыл жастарына қажетті мәдениет үйін жөндеуден өткізуге жәрдем сұрады.
Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының  айтқан әрбір ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған Н.Тлепов пен сала мамандары өз тараптарынан жан-жақты жауаптар қайтарып, кеңінен түсінік берді.

Обновлено 21.04.2014 16:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1241
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8654
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4561
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256230

Серіктестер