Онлайн газет



ШАҒЫМДАРДЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ

Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ өзге де әрекеттерді жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.
Қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдері жеке құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер еткен жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар), сондай-ақ ұйымдар, егер көрсетілген актілермен олардың заңды мүдделеріне әсер етсе, сол сияқты олардың қорғаушылары, өкілдері сотқа шағыммен жүгінуге құқылы.Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарау тергеу судьясының өкілеттігіне жатады.
Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының мына әрекеті (әрекетсіздігі) және шешіміне шағыммен сотқа жүгінуге болады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына, тергеп-тексеру мерзімдерін үзу, қылмыстық істі тоқтату, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, тінтуді және (немесе) алуды жүргізу, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тарту.
Заңда өзге тәртіппен шағымдану көзделген процестік әрекеттер (әрекетсіздік) мен шешімдердің күшін жою туралы шағымдар ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарауға жатпайды. Атап айтқанда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеудің күшін жою туралы шағымдар, сондай-ақ дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы шағымдар қарауға жатпайды.
Адамды күдікті, қорғануға құқығы бар куә деп тану, әрекетті дұрыс сараламау немесе айыптауды тұжырымдау туралы, не оның дәлелденбегені туралы, күдікті деп тану және әрекетті саралау кезінде заңды дұрыс қолданбау туралы шағымдар тергеу судьясымен қаралмайды. Сондай-ақ, сот санкция берген бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шағымдар, сондай-ақ сот актілерінің заңсыздығы туралы шағымдарды қарау тергеу судьясының өкілеттігі тәртібімен қарауға жатпайды.
Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.
Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешімімен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.
Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды.
Тергеу судьясы сотқа дейінгі қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз сотқа дейінгі қылмыстық сот ісін жүргізу барысында айыптаушы және қорғаушы тараптарының жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатының толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Аңсабек Назарқұлов,
аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін367
mod_vvisit_counterКеше1348
mod_vvisit_counterОсы аптада7585
mod_vvisit_counterӨткен аптада8176
mod_vvisit_counterОсы айда31931
mod_vvisit_counterӨткен айда62198
mod_vvisit_counterБәрі2396191

Серіктестер