Онлайн газет



«САПҚА ТҰР, САРБАЗ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН КЕШ

Мәдімар ауылдық кітапханасында Отан қорғаушылар күніне орай, “Сапқа тұр, сарбаз!”  атты әскери-патриоттық кеш өтті.
Іс-шараға  Астана қаласындағы №68665 Десанттық шабуылдаушы батальонында әскери борышын өтеп келген сарбаз Нұрбол Көпжасар, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындығы пәнінің мұғалімі Жасұлан Ахметов, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жамбыл Даулетов, ауылдық Билер кеңесінің төрағасы, ауданның  Құрметті азаматы Асан Әлмахашұлы, мекеме жұмысшы-қызметкерлері, жастар, оқушылар қатысып, жас жеткіншектерге  Отан қорғау-әрбір азаматтың борышы екенін айтып, жастарды жігерлендіріп, патриоттық сезімдерін оятты.
- 2023 жылдан бастап «Срочники.2.0» деген сайт іске қосылды. Бұл жерде жауынгерлердің әскери қызметінің сапасына, яғни әскери бөлімдегі тәртібіне,  жеке басының жауынгерлік, физикалық дайындығына баға беріледі. Жоғары ұпайы бар сарбаздардың ҚР жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік грант негізінде қабылдануға мүмкіндік бар. Әскери борышын үздік өтегендерге тегін білім алу үшін Үкімет ҚР оқу  орындарынан 3000 тегін орын ұсынып отыр.
Әскери билеті бар азаматтың тағы бір артықшылығы - кез келген жоғары оқу орнынан кешенді тестілеу тапсырмай-ақ ақылы негізде қабылдануға құқылы. Ал, әскери оқу орындарына түсуге тіпті де жол ашық. Егер, шақырылушы әскери саладағы қызметін жалғастыруға құлықты болса, борышын өтеу үшін белгіленген бір жылдық мерзімді аяқтамастан, 6 айдан  кейін келісімшартқа қол қойып, қызметке ауысуға болады.
Бұдан басқада көптеген жеңілдіктер бар. Сондықтанда 18-27 жас аралығындағы ауыл жастарын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына қызметке баруға шақырамын,-деді күні кеше әскерден оралған Нұрбол Нұралыұлы.
Жастардың әскер қатарында болып, Отанына адал қызмет етулері керектігі туралы кешке қатысқан аға буын өкілдері де жақсы айтты.
Кеште айтылған басқада ұсыныс, тілек, пікірлер ауыл жастарына Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу бойынша жақсы әсер қалдырды.

Айдос Іңкәрбек,
Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін667
mod_vvisit_counterКеше2102
mod_vvisit_counterОсы аптада2769
mod_vvisit_counterӨткен аптада11443
mod_vvisit_counterОсы айда12561
mod_vvisit_counterӨткен айда55843
mod_vvisit_counterБәрі2506228

Серіктестер