Онлайн газет



МЫҢ ТАҒЗЫМ СІЗГЕ, МАЙДАНГЕР!

Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Ұлы Отан соғысының ардагері, жалғызтөбелік майдангер Рахымжан Мамыралиевтің шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады.
Алдымен аудан басшысы қарт майдангерге құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді.
99 жасар қарт жауынгер 1942 жылғы желтоқсанның 25-і күні әскер қатарына шақырылып, алғаш Мәскеу қаласының маңындағы Мытищиде алты айлық даярлық курсында зеңбірекші мамандығын игеріп, Орал өңіріндегі Костромадағы Иваново тоқыма фабрикасының іргесіндегі  357-ші зеңбірекшілер дивизиясына қызмет етуге жіберіледі.
Міне, осы сәттен Рахымжан Мамыралиевтің жауынгерлік кезеңі басталады. Алғаш Украина майданында оқ жаудырғыш-зеңбірекшілер дивизиясының командирі Иван Ильич Зоновтың қарамағында болып, көптеген соғыс алапатын басынан өткереді. Әсіресе, Польша қаласының маңындағы Лодзь қаласы үшін болған шайқаста ол ерлік көрсетеді.
1943 жылы Қиыр Шығыстың Уссурийскіде, Биробиджанда, Приморск өлкесі мен Ворошилов қаласын, содан кейін Жапон соғысына қатысып, жаудан қорғау шараларына атсалысады.
Рахымжан Мамыралиев 1951 жылғы қараша айында елге аман-есен оралады.
Емен-жарқын әңгіме өрбіткен соғыс және еңбек ардагері мереке күні өзіне көрсеткен құрметі үшін аудан басшысына алғыс айтып, ақ батасын берді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 14.05.2024 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін155
mod_vvisit_counterКеше1296
mod_vvisit_counterОсы аптада1451
mod_vvisit_counterӨткен аптада10005
mod_vvisit_counterОсы айда19740
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2946755

Серіктестер