Онлайн газет



Тірек ауылдарды кешенді дамыту

С.Саменбаев, 
Байзақ аудандық “Жұмыспен қамту” орталығының маманы.

“Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық “Жұмыспен қамту” орталығында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына 34 жас тартылса, әлеуметтік жұмыс орындарымен 20 азамат қамтылып отыр.
Сондай-ақ қайта даярлау курстарына 12 адам, біліктіліктерін арттыруға 5 адам жолдама алып, қазіргі таңда колледждерде білім алуда. 
“Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысындағы өзгерістерге байланысты аталмыш бағдарламаның екінші бағытының екінші компонентінде “Тірек ауылдарды дамыту” бағытына ерекше мән берілген.
Осы бағыт аясында біздің өңірде тірек ауылы ретінде Түймекент ауылдық округі анықталып отыр.
Тірек ауылдарды кешенді дамыту мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыру есебінен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде нысаналы нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.
Тірек ауылды дамытудың әзірленген стратегиясы шеңберінде бағдарламада көзделген барлық құралдары шектеулерсіз, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін ықтимал пайдалана отырып қолданылатын болады.
Сондықтан, аудан тұрғындары толығырақ мәлімет білгілері келсе, аудандық “Жұмыспен қамту” орталығына келіп, кеңес алуларына болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1176
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8589
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4496
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256165

Серіктестер