Онлайн газет



БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық, құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы төраға Елнұрбек Ермековтің, ал аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясы мәслихат төрағасы Бақтияр Акбаевтың төрағалығымен өтті.
Он үш депутат қатысқан комиссия отырысы мен сессияға аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, Жамбыл облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Ілияс Төлемісов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жақында ғана Тараз қаласында мәслихаттың 30 жылдығына орай республика көлемінде өтіп жатқан шахмат турнирінің Жамбыл облыстық мәслихаты ұйымдастырған «Senat Open» І-ашық кубогының іріктеу кезеңінде аудан командасы жүлделі ІІ орынды иеленіп, диплом, медаль, кубокқа қол жеткізген болатын.
Тұрақты комиссия отырысы алдында команда мүшелері, аудандық мәслихаттың алтыншы  шақырылымының депутаттары Нұржан Тлепов пен Алтай Тастанов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Аманкелді Оспанов,  Анатолий Похоруков, Боранғазы Толымбеков, Шуақбай Бекниязовтарды аудандық мәслихатың төрағасы Бақтияр Ақбаев құттықтап, алда да аудан абыройын асқақтата берулеріне тілек білдірді. Осы жерде біздің 4 шахматшымыз Жамбыл облысы командасы құрамына еніп, алдағы күндері Шымкент қаласында өтетін аймақтық жарысқа қатасатыны айтылды.
Шахматшылар атынан іріктеу кезеңінде «Үздік депутат шахматшы» атағына ие болған Н.Тлепов сөйлеп, өздеріне жасалып отырған құрмет үшін алғыс айтты.
Тұрақты комиссия отырысында «Байзақ ауданының 2023 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» мәселе қаралды. Онда аудан әкімдігі қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары Жарқынбек Айтқұлов, Даурен Мәдешов, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Ғазиз Абахановтар сөйлеп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сессияда «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Лесбек Майлыбаев баяндады.
Баяндамашыға депутаттар тарапынан  сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Сессияда қаралған мәселеге байланысты тиісті шешім қабылданды.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1574
mod_vvisit_counterКеше1808
mod_vvisit_counterОсы аптада5037
mod_vvisit_counterӨткен аптада10590
mod_vvisit_counterОсы айда18312
mod_vvisit_counterӨткен айда43547
mod_vvisit_counterБәрі2712075

Серіктестер