Онлайн газет



ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА

Күннің күрт ысу ықтималдығы артады деп күтілуде. Осыған орай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Құрғақ шөпті, қоқысты рұқсатсыз жағу салдарынан өрт пайда болып жатады.  Осы кезеңде ашық отты жағуға және қоқысты өртеуге, сондай-ақ кез келген өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға болмайды. От жағу, қалдықтар мен қоқыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. 
Мұнымен қатар от жалыны мен күлді қараусыз қалдырмаңыз. Демалыс орнынан шыққан кезде отты сумен сөндіріп тастаңыз немесе құммен, топырақпен жабыңыз. Көшеде, табиғат аясына шыққан кезде  бөтелкелерді, сынған әйнектерді қалдырмаңыз.Өйткені олар күн сәулесін линзаға айналдырып, астындағы шөптің өздігінен жануына дейін алып келеді.
Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін, егістіктерде от жағу және құрылыстардың жанында қоқыс жағу үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жансерік Есқараев,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау капитаны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін834
mod_vvisit_counterКеше1481
mod_vvisit_counterОсы аптада8074
mod_vvisit_counterӨткен аптада12089
mod_vvisit_counterОсы айда36181
mod_vvisit_counterӨткен айда50604
mod_vvisit_counterБәрі2776351

Серіктестер