Онлайн газет



ОТАН ҚОРҒАУ - ЕРДІҢ ІСІ

Кеше,  Отан қорғаушы күніне орай,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Отан қорғаушылар күніне орай ауданымыздағы бірнеше әскери қызметкерлерді қабылдады.
Қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков қатысты.
-Сіздер ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау жолында мінсіз қызмет атқарып келесіздер. Алдағы уақыттарда да халықтың бейбіт тыныштығы жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге  тілектеспіз.Елімізде тыныштық болсын.  Сіздердей ержүрек азаматтарымыз тұрғанда, халықтың ештеңеге алаңдауына негіз жоқ деп ойлаймын. Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтап, алдағы қызметтеріңізге табыс тілеймін,-деген  аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы әскери қызметкерлерге сыйлық тапсырды.
Қабылдауға қатысқан «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина әскерилерді мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
Қабылдауға қатысқандар атынан Қайнар ауылындағы әскери бөлімнің командирі Нұрлан Шеруенов пен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ильяс Рысалдиев өздерін қабылдап, сый-құрмет  жасап жатқандары үшін аудан басшыларына алғыс айтты. Алдағы уақыттарда да өз міндеттерін абыроймен атқара беретіндіктерін жеткізді.
Әскери қызметкерлер кездесуден соң аудан басшысымен ескерткіш ретінде суретке түсті.

Сүндетулла Әбілов.

Обновлено 10.05.2024 11:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін832
mod_vvisit_counterКеше1348
mod_vvisit_counterОсы аптада8050
mod_vvisit_counterӨткен аптада8176
mod_vvisit_counterОсы айда32396
mod_vvisit_counterӨткен айда62198
mod_vvisit_counterБәрі2396656

Серіктестер