Онлайн газет



МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Ауыл шаруашылығы саласын мемлекет тарапынан қолдау жалғасып, оның көлемі жыл сайын артып келеді.
Осы мақсатта «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы субсидиялау көлемі өсімдік шаруашылығына – 85,4 млрд. теңге, ал, мал шаруашылығына – 41,6 млрд. теңге,  жалпы сомасы 127 млрд. теңгені құраса, 2020 жылға дейін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 4,5 есеге дейін ұлғаймақ.
Республикалық бюджет есебінен мал шаруашылығын қолдауға мемлекеттік қолдау бюджеттік бағдарламалар аясында 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Мақсаты – малдың жалпы санына шаққанда асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру болып табылады.
Сонымен мал шаруашылығына ағымдағы жылға төленетін субсидия көлемі төмендегіше белгіленіп отыр:
1. Мүйізді ірі қара малына: Селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізгені үшін - 30 бас сиырға 1 бас асыл тұқымды етті бағыттағы бұқасы болып, ИСЖ мен ИАС-қа тіркелген болса, тауарлы қожалықтың әр сиырына 18 000 теңге субсидия төленеді. Етті бағыттағы асыл тұқымды және сүтті бағыттағы  асыл тұқымды шаруашылықтың 1 бас сиырына 20 000 теңге төленеді;
2. Отандық асыл тұқымды бұқашық пен асыл тұқымды қашар (құнажындар) сатып алушыға бір бас малына – 154 000 теңге субсидия төленеді;
3. Қой малының (тауарлы және асыл тұқымды қожалыққа) селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізгені үшін, малы ИСЖ мен ИАС-қа тіркелген жағдайда және аналық басы 600-ден жоғары болып және осы аналыққа 20 бас асыл тұқымды қошқары болса, әр бас саулыққа 1 500 теңгеден (одан кем болса төленбейді) субсидия төленеді;
4. Асыл тұқымды қой төлін (ұрғашы тоқты, еркек тоқты, тұсақ малын) сатып алған қожалықтың әр бас малына – 8 000 теңге;
5. Асыл тұқымды жылқы малының төлдерін (еркек, ұрғашы, тайлар, құнан, байталдар) сатып алынған шаруашылықтың әр бас малына 40 000 теңге;
6. Асыл тұқымды түйе төлінің 1 басына – 37 000 теңге;
7. Асыл тұқымды шошқа төлінің 1 басына – 15 000 теңге;
8. Асыл тұқымды балапанның 1 басына – 50 теңге;
9. Қолдан ұрықтандырылған (егер де техник ұрықтандырушы мен мал иесінің арасында келісім-шарт болып, ұрықтандырылған аналық сиырдың екі айдан кейін буаз екендігі туралы реакталды тексерудің актісі болған жағдайда) 1бас сиырға – 2 801,8 теңге төленеді.
Сондай-ақ мал өнімдеріне төленетін субсидия көлемі де төмендегідей мөлшерде белгіленген. Атап айтқанда:
1. Биязы жүннің 1 (кг) келісіне (ол үшін тауар өндірушінің қарамағында басқа қойды есептемегенде 600 бастан жоғары биязы жүнді аналық басы болу шарт) 130 теңгеден;
2. Жылқы етінің 1 (кг) келісіне (ол үшін шаруашылықтың қарамағында 75 бас бие болу керек)  92 теңгеден;
3. Қой етінің 1 (кг) келісіне (егер де қожалықтың қарамағында 600 бастан жоғары аналық бас қой малы болса) 100 теңгеден;
4. Сиыр етінің 1 (кг) келісіне (егер де қожалықтың қарамағында 30 бастан жоғары сиыр болса және 12 ай ішінде сойылатын бордақыда тұрған 400 бас бұқасы болса) 120 теңгеден;
5. Сиыр сүтінің 1 литріне (3-ші категория бойынша) егер де қожалықтың қарамағында 30-дан 100 басқа дейін сауын сиыры болса және сауылған сүт қайта өңдеу цехына өткізілсе 10 теңгеден;
- 500 бастан жоғары сиыры барларға 2-ші категориямен 1 литр сүтке 15 теңгеден;
- 1000 бастан жоғары сиыры барларға 1-ші категориямен 1 литр сүтке 25 теңгеден;
6. 20 миллионнан жоғары тауық  жұмыртқасын өндірген қожалыққа өндіріп-сатқан жұмыртқасының 1 данасына 2 теңгеден;
7. Қымыз өндірісіне 25 биеден жоғары бас сауылған жағдайда 1 литріне (егер де өндірілген қымызды пластмас немесе шыны ыдысқа құйып шығаратын цехқа өткізген арнайы құжаты болса) 60 теңгеден;
8. Шұбат өніміне 22 бас інген сауылған жағдайда 1 литр шұбатқа 55 теңгеден субсидия төленеді.
ЕСКЕРТУ: Барлық өткізілген  мал өнімдеріне және сатып алынған асыл тұқымды малдарға субсидия алу үшін – екі жақтың келісім-шарты, накладнойлары, есеп фактурасы және кіріс кассалық ордерлері болуы керек. Сонымен қатар, әр шаруа қожалығының, (жеке кәсіпкердің) – мөрі, 2014 жылға банктен ашылған есеп шоты туралы анықтамасы, кәсіпкерлік (ш/қ-ның) куәліктің көшірмесі, шаруашылықтағы малдың жұқпалы аурудан таза деген ветеринарлық анықтамасының түпнұсқасы, ауылдық округ әкімінен 1.01.2014-1.06.2014 жыл аралығында «осынша малы бар» деген анықтаманың түпнұсқасы, әрбір сатып алынған асыл тұқымды малдың асыл тұқымды куәліктерінің көшірмелері болуы  қажеттігін естеріңізге саламыз.
Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін507
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7920
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3827
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255496

Серіктестер