Онлайн газет



МАҚСАТ МУРАСҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

А.Алдабергенов,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен аптаның сенбісі күні Сарыкемер ауылында №9 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің кіші футбол алаңында марқұм Сейтханов Мақсат Мурасұлын еске алу турнирі болып өтті. Мақсат Мурасұлының достарының ұйымдастыруымен өткен турнирге Тараз қаласы мен  аудандық спортшылардан сегіз команда қатысты.
Өмірдерек:
Мақсат Сейтханов 1991 жылы дүниеге келген. Балалық шағынан спортқа бейім болып өскен ол аға жаттықтырушы, Қазақстанның 40-жылдығы атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мырза Қазиевтің футбол үйірмесіне қатысқан. Өзінің алғырттығымен, спортқа деген көзқарасының ұшқырлығымен, шеберлігінің арқасында Тараз қаласындағы «Спорттағы дарынды балалар» мектеп-интернатына қабылданды. Мектеп-интернатта да жаттықтырушылар тарапынан оның шеберлігі жоғары бағаланып, еліміздің бірінші лигасында футболдан өнер көрсетті. Футбол аренасында жүрген кездерінде оның көрсеткен жетістіктері көп болды.
Әттеген-айлар мен қызыққа толы, жанкүйер делебесін қоздырар турнир қорытындысында Досан Алибаев бастаған команда бірінші, Ермек Сламовтың командасы екінші орынды иеленсе, Тараз қаласынан келген «Рэч» және «Аманжол» командалы жүлделі үшінші, төртінші орындарды қанжығаларына байлады.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталған соң, әкесі Мурас Сейтханов турнирді өткізуге атсалысқан азаматтарға жанұясы атынан алғыс сезімін жеткізді. Турнир соңында М.Сейтхановтың рухына құран бағышталып, ас берілді.

Обновлено 21.04.2014 16:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін666
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8079
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3986
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255655

Серіктестер