Онлайн газет



МӘСЛИХАТҚА ЖҮКТЕЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

C.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысы негізінде шақырылған мәслихаттың дүйсенбі күні өткен кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында халық қалаулылары аудандық, аумақтық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы, “Байзақ аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және аудан әкімінің

2014 жылғы 27 наурыздағы №07-558 ұсынысының негізінде аудандық эвакуациялық комиссияның құрамын бекіту туралы мәселелерді талқылады.

Сессия жұмысына төрағалық еткен №11 Әуезов сайлау округінен депутат Ж.Есенқұлов оның күн тәртібі мен регламентін бекітіп алған соң, бірінші мәселе бойынша хабарлама жасау үшін аудандық мәслихат аппаратының басшысы И.Сәлімбаевқа сөз берді.
Хабарламашы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңында сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл екендігі, оның құрамын сайлау аудандық мәслихатқа жүктелетіндігін алға тарта келе, аудандық сайлау комиссияларының 2009 жылдың 28 сәуірінде сайланғанын, сондықтан да олардың өкілеттік мерзімі үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде аяқталатындығын, жоғарыда аталған заңға сәйкес, сайлаудың өкілеттілік мерзімі аяқталғанға 3 күн қалғанда, яғни 25 сәуірге дейін жаңа сайлау мүшелерін сайлау қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ Исағали Бошқайұлы заң талаптарына сәйкес жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын жүргізгенін және бұл іске жауапты азамат ретінде өзінің бекітілгенін, облыстық “Ақ жол”, “Знамя труда” газеттерінде облыс аудандары қатарында Байзақ аудандық сайлау комиссияларының нөмірлері мен орналасқан жері және оларға саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныс беруге мүмкіндіктері бар екені туралы хабарландырудың жарық көргені нәтижесінде 2014 жылдың 18 ақпанынан бастап 26 наурызға дейін олардан ұсыныстар қабылданғанын, сондай-ақ аталмыш комиссиялар құрамына 6 партия және 2 қоғамдық бірлестіктерден жалпы саны 363 үміткердің ұсынылғанын және ұсынылған азаматтардың заң талаптарына сәйкес, құқықтық есептеу  және сараптау орталығының арнайы жүргізген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша олардың аталмыш сайлау комиссияларының мүшелері болуға құқылы екендіктері анықталғанын жеткізді.
Хабарламашының мәліметінше, ауданда 51 сайлау комиссия тіркелген. Атап айтқанда, 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, 15-і аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік  және 35 учаскелік сайлау комиссиялары.
Сөз соңында мәслихат аппаратының жетекшісі үміткерлер саяси партиялардан түскен ұсыныстың реті бойынша, содан кейін қоғамдық бірлестіктердің ұсынған үміткерлердің де осы тәртіппен енгізілетіндігін ескертті.
Хабарлама аяқталысымен  күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді талқылау барысында депутаттардың айтқан ұсыныс-пікірлерін толық ескеру және сессия шешімдерінің нақты мәтінін жасау мақсатында  редакциялық комиссия құрамы сайланды.
Сондай-ақ төраға сайлау комиссиясының атқаратын жұмыстарының жауапкершілігі мол екендігін ескере отырып, әрбір үміткерге жеке-жеке тоқталып, депутаттарға ашық түрде дауыс беруді ұсынды. Депутаттар сайлауды қалай  өткізу қажеттілігі туралы келісіп алды.
Бұдан соң санақ комиссиясы құрылды. Депутат Т.Кадимованың ұсынысы бойынша үш адамнан тұратын  комиссия құрылып, бекітілді.
Үзілістен соң, сессия қатысушыларын санақ комиссиясының ұйымдастыру мәжілісінің №1 хаттамасымен оның төрағасы Е.Есімов таныстырып, осы хаттаманы  бекітуін сұрады. Шешім қабылданған соң, депутаттар сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға кірісті.
Әрбір үміткердің атын жеке атап, ұсыныс жасау үшін сөз алған И.Сәлімбаев бірінші аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін, содан соң аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігіне үміткерлердің жеке жеке аттарын атап, әр үміткерге жеке жеке дауыс беру рәсімі өтті.
Сонымен аудандағы барлық 51 сайлау комиссия мүшелері сайланып, дайындалған сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімінің жобасы таныстырылды. Ол бойынша тиісті шешім қабылданды.
Бұдан соң, сессия өз жұмысын жалғастырып, оның күн тәртібіндегі “Байзақ аудандық мәслихаты аппараты” мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы және аудандық эвакуациялық комиссиясының құрамын бекіту туралы мәселелерді қарады.
Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев, аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаев қатысты.

 

Обновлено 16.04.2014 15:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1316
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8729
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4636
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256305

Серіктестер