Онлайн газет



БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Үстіміздегі жылғы 18 сәуірде Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтетіні белгілі. Оған Қазақстандағы Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шетелден келген қонақтар, ғылыми және шығармашылық интеллигенция мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады деп күтілуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы саяси салмағы басым ұйым болып есептелетіндіктен, оның аясында өткізілетін сессиялардың маңыздылығы да артып келеді. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтқан болатын. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.
Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды.
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.
Елімізде сан түрлі ұлттар мен ұлыстар сүттей ұйып, бірнеше ғасырдан бері бірге өмір сүріп келе жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ел ішіндегі сан алуан ұлттардың ұйысып, бір мүддеге жұмылуын мақсат етіп келеді. Өз кезегінде Ассамблея мүшелері де Президенттің әрбір бастамасына ақ жол тілеуде.        
Нұрсұлтан Әбішұлының «Мәңгілік Ел» идеясын дер кезінде қолдаған ұйымдардың бірі осы Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ұйым Елбасының осы жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылап, оның басым бағыттарын ортаға салып, арнайы жиналыс өткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше бизнесмен азаматтар инвестициялық жұмыстармен де айналысып, елдегі бизнестің өркен жаюына атсалысып жүр. Мысалы, Ассамблея атынан Мәжіліске сайланған депутаттар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен оңтүстік кореялық бизнесмендердің арасына дәнекер болып, экономикалық әріптестіктің нығаюына, шетелдік инвестицияның елге жетуіне мұрындық болуда. Олар Елбасының Жолдауында айтылған экономикалық, инвестициялық мәселелерге осылай өз үлестерін қосуда.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін977
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8390
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4297
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255966

Серіктестер