Онлайн газет



Отанға қызмет- абыройлы міндет

Қ.Бошай,
Байзақ  ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы.

Азаматтарымыздың өз тағдырларын Отанды қорғау мамандығымен байланыстыруға шешім қабылдауы – ең басты мәселе. Осы мақсатта  Қорғаныс министрлігі соңғы жылдары әскери қызметшілерге жақсы жағдай жасау үшін көптеген жұмыстар атқарды. Көптеген мәселелер заңнамалық деңгейде шешімін тапты. Біздің ел әскери қызметкерлердің өздеріне де, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне де қажетті көмекті көрсетуде.
Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес әскери қызметкерлерге белгілі бір жеңілдіктер 2012 жылы шыққан ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің  мәртебесі туралы» Заңында көрсетілген. Атап айтқанда тұрғын үй мәселесі. Бұл бойынша аталған Заңның 45 және 55-баптары негізде 15 жыл және отанға көп еңбегі сіңген әскери қызметкерлер қызметтік тұрғынүйді ақысыз жекешелендіре алады. Әскери қызметте 10-15 жыл болған әскери қызметкерлерге қалдықтық құны бойынша жекешелендіру құқығымен қызметтік тұрғын үй беріледі. 2013 жылғы 1 қаңтарда әскери еңбек сіңірген жылдары 10 жылдан аз уақытты құрайтын әскери  қызметкерлер тұрғын үймен әскери қызметтен өту кезінде ғана қамтамасыз етіледі. Оларды қызметтік тұрғынүймен қамтамасыз еткенге дейін тұрғын үй жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төленеді. Сонымен қатар әскери қызметкерлерге және  олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету мамандандырылған әскери-медициналық  мекемелерде мемлекет есебінен тегін ұсынылады. Егер әскери қызметкер емдеуден  өз қаражаты есебінен өтсе, онда жұмсалған ақшалай қаражат ол әскери қызметтен өтетін әскери бөлімшелерге қайтарылады. Әскери қызметті орындау  кезінде жараланған, жарымжан болған,  жарақат алған ауруға ұшыраған әскери қызметкерлер өздері әскери қызметтен өтіп жатқан әскери бөлімшелердің қаржысы есебінен шипажайға емдеуге жіберіледі. Мұнымен қоса негізгі жылдық демалысқа шыққан әскери қызметкерлерге екі  лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен ауа, теміржол, су және автомобиль көлігінде әскери қызмет бойынша жылжуда мемлекет есебінен жүру құқығы ұсынылады. Әскери қызметкерлердің қызметін атқару кезінде балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінен кезектен тыс орын ұсынылады. Білімдерін толықтырам деушілерге жауынгер (матрос), сержант (старшина) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызметтен өткен және 8 жылдан аз емес қызмет еткен әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алып, оқу құнының 50 % мөлшерінде әскери бөлімшенің қаражаты есебінен оқу шығындарын өтеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: “Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті”. Осы мақсатта Байзақ ауданының қорғаныс істері  жөніндегі бөлімі Байзақ ауданының тұрғындарын келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады. Қажетті сұрақтар бойынша Байзақ ауданы ҚІБ Сарыкемер ауылы Д.Қонаев көшесі №182 үйге жолығуға болады.
“Отанға қызмет - абыройлы міндет” екенін ұмытпайық ағайындар!.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін79
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада11331
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27961
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279630

Серіктестер