Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ - ТАЗА ҰСТАҒАН ЖЕРДЕ БОЛАДЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына аумақтарды тазарту, абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды ретке келтіру туралы  тапсырма бергені баршамызға белгілі.
Мемлекет  басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы әр аптаға бөлініп, арнайы тақырыптар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Өткен аптаның сенбісінде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған «Киелі мекен» апталығы аудан орталығы Сарыкемер ауылында көрініс тапты.


Бұл күні Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта аудан әкімі аппаратының ұжымы бастаған бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері мен аудан жастары білек сыбана кірісіп, сенбілік жұмыстарына атсалысты. Ескерткіш  маңайы қалыпқа келтіріліп, саябақ іші мен аумағы қоқыстардан тазартылды. Жүзге тарта адам қатысқан шара барысында саябақтағы скверлер мен орындықтар сырланып, ағаш бұтақтары кесіліп, шөптері шабылды. Шара қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін радиоконцерт ұйымдастырылды.
Саябақта өткізілген тазалық жұмыстарына облыс әкімінің орынбасары Тамабек Әбілхайыр, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, сала орынбасары Дулат Жақыпбеков, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, ішкі саясат, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты, Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығы, аудандық тарихи-өлкетану музейі, редакция ұжымы мен мемлекеттік қызметшілердің “Руханият”  волонтерлік қозғалысы қатысты.
Жалпы, тек акция аясында ғана емес аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алып, тұрақты түрде жүргізуде.

*    *    *
Сенбілік - тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі.
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында аудан тұрғындары Сарыкемер ауылын жағалай өтетін «Талас» өзеніне тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында өзен жағалауы ретке келтіріліп, ондағы қоқыстар шығарылды.


Абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарының сапалы жүргізілуі де қатаң бақылауға алынған. Сондықтан ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық.
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып, көпшілік орталарда белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, тұрғын үйлеріңіздің аумағын абаттандырып отыруға және тазалықты қатаң сақтауға шақырамыз!

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 23.04.2024 11:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін480
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада480
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6992
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258661

Серіктестер