Онлайн газет



КҮШІМІЗ - БІРЛІКТЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында алдағы  бағыт-бағдарымызды айқындап, жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде ойлары мен пайымдарын ортаға салған болатын.
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтар мен адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіруге, отбасылық құндылықтарға басымдық беруіміз қажет.
- Тағы бір іргелі құндылық - бірлік және ынтымақ. Біздің күшіміз-бірлікте. Жұртымыз басына түскен тауқыметтің бәрін мызғымас бірліктің арқасында жеңіп келеді. Орасан зор сын-қатерлер пайда болған қазіргі заманда ынтымақ-бірліктің маңызы арта түсті. Қазақстан - бәріміздің қасиетті қара шаңырағымыз. Сондықтан әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс. Біздің күшіміз - ынтымақта. Еліміздің әлеуметтік саясаты осы құндылыққа негізделген,-деді Президент.
Қазақ халқы ықылым заманнан-ақ бірлік пен татулыққа үлкен мән беріп, оны тірліктің тұтқасы бағалаған. Ел тұтастығы мен ұлтаралық келісім бұл ең әуелі тәуелсіз ел ретінде қол жеткізген басты құндылықтарымыздың бірі саналады. Бүгінгі күні біздің басты міндетіміз-жас ұрпаққа өзара түсіністік пен бірліктің қалыптасқан дəстүрлерін жеткізу.
Бірлік бар жерде тірлік бар. Тағдырдың жазуымен  қазақ жерін мекен еткен, бүгінде ұрпақ өсіріп,  ел игілігі жолында тер төгіп жатқан сан ұлт өкілдері Қазақстанды өз Отаны санайды. Ауданымызда отыздан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Ауызбіршілігі жарасқан көпұлтты халықпыз. Қоғамның ең басты мақсаты - ел тәуелсіздігін нығайту, мемлекет тұтастығын көздің қарашығындай сақтау мен ел алдында тұрған басым бағыттарды іске асыруда жұдырықтай жұмылуымыз керек деп білемін.

Әбен Әбдібекұлы,
Сарыкемер ауылының тұрғыны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін192
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада10797
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6704
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258373

Серіктестер