Онлайн газет



ҚЫЗЫЛЖҰЛДЫЗДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЕШКІМГЕ ДЕС БЕРМЕДІ

Өткен аптада Сарыкемер ауылындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудан ардагерлері арасында спартакиада өтті.
Жамбыл облысының 85 жылдығы және “9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні” мерекесіне арналған спартакиадаға ауданымыздың 14 ауыл, ауылдық округ командалары қатысты.
Спорттың волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, дартс түрлерінен өткен жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік  Ермеков құттықтау сөз сөйлеп, спорттың денсаулыққа пайдасы туралы атап өтті. Сондай-ақ жарыста жеңіп шыққан ардагерлер мамыр айының алғашқы күндері өтетін облыстық жарыста аудан намысын қорғайтынын айта келіп, оларға жеңіс тіледі.
Спорттың қай түрінен болмасын жарыс өте тартысты өтті. Олардың арасында жастары сексенге жуықтаған қариялар дойбы, шахмат ойнап, өзгелерге үлгі көрсетті. Ардагерлер командаларындағы кейбір ауылдық округ ардагерлер алқасы төрағаларының өзі ойнауы көңілге қуаныш ұялатты. Кейінгі жылдары ұмыт болып бара жатқан тоғызқұмалақ, асық ату, дартс ойындарының қайта жаңғыртылуыда құптарлық жайт.
Аса тартысты өткен бәсекеде барлық қарсыластарына қарағанда  спорттың қай түрінен болсада  басымдық танытқан Қызыл жұлдыз ауылдық округінің командасы бірінші орынды иеленді. Ойындарды бастан-аяқ қадағалап, командасына жанкүйер болып отырған округ ардагерлер алқасының төрайымы Назым Қуанышбаеваны сөзге тартқан едік.
- Біз жарысқа тас-түйін дайындықпен келдік. Спорттың 8 түрінен де командалар әкелдік. Бұған дейінде біздің ардагерлеріміз ауданда ғана емес облыста да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Әсіресе ерлі-зайыпты Фарид пен Фарида стол теннисінен ешкімге есе жіберген емес. Командамыздағы ең үлкен спортшымыз 76 жаста. Бүгінде жақсы ойын көрсетіп, алдыңғы орындарды иеленеміз деген үміттеміз,-деген еді ойын алдында ауыл ардагерлер алқасының төрайымы.
Ал олардан шамалы аз ұпай жинаған Ботамойнақ (төрағасы Асқар Бекбауов) пен Бурыл ауылдық округі командалары (төрағасы Қайрат Тасболатов) екінші, үшінші орындарды бөлісті.
Жекелеген спорт түрлері бойынша қызылжұлдыздық  Фархат Кабиров, Фарида Кабирова, (үстел теннисі), Шолпан Баратова (дартс), бурылдық  Анатолий Пахоруков (шахмат), Жәкен Жайханов (асық ату), Қ Қуанышева (шахмат), ботамойнақтық Аққалам Мұсаева (дойбы), Тұлғабай Ниязымбетов (тоғызқұмалақ), сарыкемерлік Әлимұхамед Бегайдаров (дойбы), диқандық Әзімбек Ойықбаев  (бильярд), Абай Иманбаев (дартс), түймекенттік Раушан Сарыбаевалар (тоғызқұмалақ) бірінші орынды иеленіп, облыстық спартакиадаға жолдама алды.


Спорт түрлері арасында командалық ойын болып саналатын волейболдан өткен жарыс ерекше жағдайда өтті. Соңғы шешуші ойынға шыққан бұрыннан бірін-бірі жақсы білетін Бурыл және Түймекент ауылдық округі командалары көпке  дейін  бірін-бірі  ала  алмады.Аса қызықты өткен ойында бурылдық команда жеңіске жетті. Ал қызылжұлдыздық волейболшылар үшінші орынды қанағат тұтты. Осы жерде спартакиадаға жақсы спорттық жейдемен (форма) келген Бурыл, Түймекент ауылдық округі ардагерлері өзгелерге үлгі көрсетті.
Жеңімпаз командалар мен жекелеген спортшылар жарысты ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған кубок, диплом, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Жылына бір мәрте өтетін осындай ардагерлеріміздің спорттық жарысына Сазтерек, Қостөбе, Суханбаев, Жаңатұрмыс ауылдық округі ардагерлерінің қатыспауы өкінішті-ақ.Аталған округтердегі ардагерлер алқасының төрағалары алдағы уақытта өз командаларын жасақтап, жарыстардан қалмайды деп сенеміз.
Аудан ардагерлері командасы бүгінде облыстық жарыста алдыңғы қатардан көріну үшін  дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Серік Кембаев,
аудандық ардагерлер кеңесі спорт, мәдениет және жастар тәрбиесі бөлімінің басшысы.

Обновлено 23.04.2024 11:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін460
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада460
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6972
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258641

Серіктестер