Онлайн газет



ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазіргі таңда тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету саласы ауданның басты назарында тұрған мәселелердің бірі.  Осыған сәйкес, аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауыл және ауылдық округтердің мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты мамандарының басты назарында тұрғындарға уақытылы және сапалы қызмет көрсету болып табылады.
Сондай-ақ аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе өткен аптаның  жұмасында Сарыкемер ауылының орталығында «Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратында орналасқан «Сервистік әкімдікте» мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкенің мақсаты-мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша аудан тұрғындарының көкейінде толғандырған мәселелерге жауап беру болып табылады.
Айтулы жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, “Еңбек мобильдігі орталығының” Байзақ ауданы бойынша Мансаптық орталығы филиалының білікті мамандары аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ұлпан Әлиева,
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы.

Обновлено 23.04.2024 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін151
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада10756
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6663
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258332

Серіктестер