Онлайн газет



ТІЛ МҮДДЕСІ - ЕЛ МҮДДЕСІ

Қазақстан Республикасының  «Тіл туралы» заңында: «Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі»  делінген, яғни бұл құқықтық норма. Демек, елдің әрбір азаматы қазақ тілін еркін меңгеруі керек. Әсіресе, бұл  мемлекеттік қызметшілерге қатаң міндет жүктейді. Өйткені, мемлекеттік тіл - басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу тілі.
Тәуелсіздік алған жылдары мемлекеттік тілде қаралатын сот істерінің үлесі тым аз болатын. Алайда сот жүйесінде жүргізіліп келе жатқан арнайы шаралар, насихат жұмыстары

бұл олқылықтың орнын толтыруда. Басты назар мемлекеттік тілдегі құжат айналымының көлемін арттыруға бағытталып отыр. Өкінішке орай, сотқа келіп түсетін құжаттардың дені республика бойынша алсақ та, біздің облыс және ауданымыз бойынша да көбінесе орыс тілінде түсіп жатады. Мемлекеттік тілде келіп түсетін талап арыздар және басқа құжаттардың пайыздық мөлшері әлі де болса төмен болып тұр. Сол себепті сот істерін қарауды мемлекеттік тілге көшіру мәселесі күн тәртібінен түспей, бүгінге дейін өзекті мәселе болуда.
Өз жұмысын оңайлату үшін арызды өзіне ыңғайлы, хаттама толтыруға жеңіл тілде жазу, сот ісін қарау кезінде қиындыққа, тіпті азаматтардың құқығын бұзуға әкеліп соғып жатады. Өз жұмысын оңайлату үшін өзгенің өмірін қиындату қаншалықты жауапты екені құзырлы орган қызметкерлерімен өткізілген жиындарда айтылуда.
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің тұғыры. Әрбір сотқа жүгінуші азаматтар, мекеме басшылары сотта қаралатын мемлекеттік тілдегі істердің көрсеткішіне өз үлесін қосса мемлекеттік тілге деген қамқорлықтың жасалып жатқанын көруге болар еді. Сол сияқты сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері мемлекеттік тілде жүріп, қазақ тілінде сөйлесе, істерді сот мәжілісінде мемлекеттік тілде қарап шешім қабылдауға толық мүмкіндік туады.

 

Досжан Төленбеков,
аудандық соттың төрағасы.

Обновлено 23.04.2024 11:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін566
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада566
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7078
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258747

Серіктестер