Онлайн газет



«Е-ӨТІНІШ» ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУҒА АРНАЛДЫ

Жақында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру мақсатында аудандық сот әкімшісінің басшысы Ерболат Жақсыбаев мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен  семинар сабақ өткізді.
Семинар барысында сот әкімшісінің басшысы сот қызметшілеріне 2021 жылдан  бастап іске қосылған  «Е-өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау және тіркеудің негізгі  принциптерін түсіндірді. Сот қызметшілерімен ақпараттық жүйенің ерекшеліктері ретінде аталған жүйенің негізгі талаптары ол азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну процедурасын барынша жеңілдету және олардың қаралуын бақылауды жетілдіру болып табылатыны мұқият зерделенді.
Ерболат Жақсыбаев 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде жолданымға қойылатын жалпы талаптар, қабылдау, тіркеу, қайтару, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау негіздері көрсетілгенін атап өтті.
Семинар соңында сот әкімшісінің басшысы «Е-өтініш» жүйесін орындау мақсатында барлық  қатысушыларға өтініштерді арнайы нұсқаулыққа сәйкес тіркеуді тапсырды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін334
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада334
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6846
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258515

Серіктестер