Онлайн газет



БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Еліміздің басты капиталы-білімді жастар. ХХІ ғасыр-білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс.
Жастар - қоғамның неғұрлым ұтқыр, икемді, жігерлі бөлігі және нақ сол жастар ел экономикасының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Заманауи білім, қажырлы еңбек және жастар бастамасы қажет. Жастардың жан қиярлығы, еңбекқорлығы мен құлшынысы жағдайында ғана Қазақстан экономикасының мүмкіндіктері ол үшін шынайы игіліктерге айналуы мүмкін.
Мемлекет жастарды еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктер мен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіруде. Ел Президентінің экономиканы үдемелі инновациялық индустрияландыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту, мемлекеттік қызмет деңгейін арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бағдарламасын іске асыруға жастардың қатысуына ерекше көңіл бөлді.
«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек, үлкен жетістіктерге жетеріміз хақ.

Нұржан Есиргенов,
аудандық  “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і директорының орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін136
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада10741
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6648
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258317

Серіктестер