Онлайн газет



ЕСКЕРТКІШТЕР - ЕЛ НАЗАРЫНДА

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан ө бастап  жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Бұл күнді 1983  жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Оның басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйытқы болуымен Сарыкемер ауылына кіре берістегі Байзақ батыр ескерткішіне және «Байзақ баба» кесенесіне экскурсия жасалынды. Айтулы шараға аудандық Төтенше жағдайлар және №8 Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Байзақ батыр кесенесі - өңірдегі киелі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі болып саналады. «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы 100 нысанының тізіміне алынған.
Ауданымыздың ең көрікті жерлерінің бірі саналатын «Байзақ баба» кесенесінің аумағына су тартылып, көгалдандырылған,  жарық орнатылып, айналасы қоршалған.

Айнагүл Мамытбекова,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері.

Обновлено 23.04.2024 11:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін540
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада540
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7052
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258721

Серіктестер