Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудандық мәслихаттың депутаттары мен аппарат қызметкерлері Мырзатай ауылдық округінде өткізілген сенбілікке қатысты. Олар осылайша Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша елімізде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз қолдауларын білдірді.
Бұл акция бір айдан сәл асады және өте үлкен және жаңа форматта өтуде. Бес тақырыптық апта ішінде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атауларымен әр елдімекенде аулалар мен көшелерді санитарлық тазарту, аумақтар мен тарихи ескерткіштерді абаттандыру, жас көшеттер отырғызу, ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерін жинау, өзендер мен көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту шаралары өткізіледі.
Қоғам үшін маңызы зор экологиялық іс-шара осы аптада «Киелі мекен» тақырыбында ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Тұрғындардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатын көздейтін шараға белсенді түрде атсалысқан ауданымыздың халық қалаулылары «Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аумағына 500 дана қара ағаш көшеттерін отырғызды.
- Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоғамның саналы және азаматтық жауапкершілік танытқан барлық топтарын жұмылдырды. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтау әдеттерін қалыптастыратынына сенімдімін. Әрине, бұл қасиеттер адамгершілік келбетін сипаттайды,-деген аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев шараны өткізудің маңыздылығына тоқталды.
Игі шара соңында Бақтияр Мұратұлы барлық қатысушыларға алғысын білдірді.


Адамзат табиғатпен және жердегі барлық тіршілікпен байланысты. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы-осындай қадамдардың бірі. Әр елдімекеннің тазалығы тұрғындардың қатысуына байланысты.Өйткені, әр көше, әр үй, әр аула ауылымыз бен ауданымыздың айнасы.

Түймекент

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» атауына орай округтің «Ақжар» ауылында 15 сәуір күні «Ардагерлер» аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына ауылдағы мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Олар аллеяны тазалап, ағаштарды күтімге алды.

Бәйтерек

Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылындағы «Байзақ баба» кесенесі  маңайын тазалау жұмыстары 16 сәуір күні ұйыкшылдықпен  жүргізілді. Іс-шараға қатысқан ауыл тұрғындары кесене аумағын тазалап, алма ағаштарын бұтады.
Алма ағаштарының түптері мен бордюрлерді ақтап, коршауларды ретке келтірді.

Ынтымақ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз қолдауларын білдіруді мақсат еткен Мәдімар ауылының тұрғындары 17 сәуір күні ауылда тазалық жұмыстарын жүргізді. Арнайы дайындалған кестеге сәйкес ауылдағы «Даңқ кешені» аллеясын тазалап, бағаналарды сырлады.
Тұрғындар арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыруға арналған іс-шараға 40 ауыл тұрғыны қатысты.

Көптерек

Кеңес ауылының тұрғындары да «Таза Қазақстан» республикалық акциясынан тыс қалып жатқан жоқ. Олар кеше арнайы дайындалған кестеге сай ауылдағы  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Мұңлы Ана» ескерткіші алдына ертемен жиналды. Ескерткішті сүртіп, сырлады, маңайын тазалады. 25 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Бұрынғы тал-теректер бұтақталып, орындықтар мен қоршаулар сырланып, тал түптері әктелді.
Аталған іс-шараға 40 ауыл тұрғыны қатысты.  Ауыл ардагерлері бастамашы болған шарада ауыл жастарынан жасақталған еріктілер белсенділік танытты.

*   *   *
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» атауына орай өтіп жатқан іс-шаралар ауылдық округтерде жалғаса беретін  болады. Алдын ала жасалған кестеге сәйкес, бүгін Мырзатай ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңайы тазаланып, абаттандырылады. Жанадан ағаштар егу жоспарланып отыр.
Ал 20 сәуір күні Сарыкемер ауылындағы Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз, Ақәділ Суханбаев ескерткішінің аумағы тазаланады.
21 сәуір  күні Үлгілі ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің  маңайы тазаланып, ретке келтіру жоспарланып отыр.
Тал-теректер, гүлдер егіліп, маңайы сырланатын болады. Аталған іс-шараға 35 ауыл тұрғыны қатысады.
Ескерткіштер-ел тарихы. Сондықтанда әрбір ауылдардағы ескерткіштер ешқашанда елеусіз қалмай үнемі назарда болып,  маңайы тазаланып,  жаңарып, жаңғырып отыруы тиіс.
Ескерткіш - елдіктің белгісі. Сондықтан бұл жастардың жиі баратын жеріне айналып, ауылдың сәнді де, сәулетті болуына қосар үлесі мол болуы қажет.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 19.04.2024 11:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1146
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8559
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4466
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256135

Серіктестер