Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕР АҚ ТІЛЕГІН АРНАДЫ

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңадан тағайындалған басшысы Мадина Сейітқазина кеше аудан ардагерлерімен кездесті.
Аудандық келісім кеңесінде өткен кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков ардагерлердің аудандық ішкі саясат бөлімімен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Өз жоспарларына сәйкес өткен жылы облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинары, ал күні кеше аудан ардагерлерінің спартакиадасы өткенінен хабардар етті. Ал жақында ауданда батагөй қариялар байқауы, бүгін облыста аналар форумы өтетіндігіне тоқтала кетті. Ауданда жастар тәрбиесіне өз үлестерін қосып келе жатқаны туралы айта келіп, Мадина Ерғалиқызын жаңа қызметімен құттықтап, алдада бірлесе жұмыс атқара беруге шақырды.
Кездесуде аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Оралов, аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова, Сарыкемер ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Омаров, Сарыкемер ауылдық аналар алқасының төрайымы Шамша Жұмабаева, ардагерлер Серік Балабеков, Болат Ахметовтер сөз алып, Мадина Ерғалиқызын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ өздерінің атқарып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқтала келе, ардагерлерге қамқорлық жасау, ұлтаралық қатынасқа мән беру тәрізді өз пікірлерінде білдірді.
Кездесу соңында өзіне айтылған жақсы тілектерге алғыс айтқан Мадина Сейтқазина алдағы уақытта  аудан ардагерлерімен бірлесе жұмыс атқаратынын атап өтті. Содан соң аудандық ардагерлер, қоғамдық, қоғамдық келісім, билер, аналар кеңестерінің бөлмелерінде болып, жұмыстарымен танысты.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 19.04.2024 11:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1111
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8524
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4431
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256100

Серіктестер