Онлайн газет



ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛДЫ

Мемлекетіміз жастардың болашағына, олардың сапалы білім алып, үлкен азамат болып қалыптасуларына барынша жағдай жасап келеді. Солардың бірі – «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында жер-жерлерде салына бастаған мектептер.
Биылғы жылы облыс бойынша 6,5 мың балаға арналған 7 «Жайлы мектеп» соғылуда. Солардың бірі-Сарыкемер ауылындағы 600 орындық, 3 қабатты мектеп. Ауылдың күн батыс жағынан бой көтеріп келе жатқан мектептің жалпы ауданы 8847,29 шаршы метр жерді алып жатыр.
Оқушы орындарының тапшылығын, үш  ауысыммен оқытуды және тозығы жеткен мектептер мәселесін шешуге арналған жоба аясындағы мектептің құрылысын Черных Александр Сергеевич басқаратын «Тараз құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшылары өткен жылдың маусым айынан бері жүргізіп келеді.
Бүгінде мектептің үш қабатыда көтеріліп қойылған екен.  Сондада құрылыс алаңында қызу еңбек қайнаған. Біз осы жерде құрылыс учаскесінің бастығы Мұрат Жұмаділовтен көп нәрсені сұрап, білдік.
-Өздеріңіз көріп тұрғандай мектептің 3 қабаты түгелдей көтерілді. Енді есік, терезелері салынып, ішін-сыртын сылау жұмыстары кезекте тұр. Қазір мектептің бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған екі спорт залдарының құрылысы қолға алынды. Сондай-ақ мектеп ішіндегі бөлмелерді бөлу, мектеп қазандығы, 150 текше метрлік шайынды су септигі құрылысы қатар жүргізілуде. Құрылысқа қажетті материалдар дайын. Құрылыс жұмысы кестеге сай жүріп келеді. Қазір  бізде құрылысқа 3 кран, 2 погрузчик, 1  автомашина қатыстырылып отырса, жұмысшылар саны 110 адам. Алдағы күндері қосымша тағы 50-60 жұмысшы тартып, мектепті алдағы тамыз айында  пайдалануға беру жолында жұмыс жасап жатырмыз, - дейді Мұрат Қаратайұлы.
Құрылысшылардың қарқынды қимылдарына қарағанда оқушыларға қажетті барлық жағдайлары жасалған мектеп құрылысының өз уақытында пайдалануға берілетініне сенуге болады.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 19.04.2024 11:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1337
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8750
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4657
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256326

Серіктестер