Онлайн газет



ДЕСТРУКТИВТІ АҒЫМДАРДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ!

Дін - адам баласының дүниетанымындағы ерекше дүниелердің бірі. Адам дүниеге келген кезде ата-анасының таңдаған дінінің аясында өмір сүре бастайды. Уақыт өте келе қай дінде болатын-болмайтындығын таңдауға құқылы.
Қазақстан-зайырлы мемлекет. Яғни белгілі бір дінді таңдап, сол діннің шарттарымен ғана жүрмейді. Елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Демек,  соған сай әртүрлі дәстүрлі дін өкілдері де бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатыр.
Еліміздегі діндер қолданысына байланысты дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер деп екі топқа бөлінеді. Дәстүрлі діндер-белгілі бір этникалық қауымдастықтың мәдени-тарихи дамуындағы орны мен рөлі бар, ұзақ өмір сүріп келе жатқан және діни дәстүрді белгілі бір аумақта, белгілі бір этностар арасында кейінгі ұрпаққа ұсынады. Күнделікті өмірде, мерекелер мен рәсімдер жүйесінде, мифологияда, ойлау түрі мен тәсілінде, мәдениетте, психологияда терең тамыр жаяды. Ал дәстүрлі емес діндер белгілі бір этностың өткен дәуірлерінен мұра болып қалмаған, руханиятына тән емес, уағызшылардың миссионерлік қызметі нәтижесінде таралған. Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерден бөлек, деструктивті діни ағымдар да белең ала бастады. Қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдардың өзіндік идеологиялары, бағыттары және «жанкүйерлері» бар.
Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі-деструктивті идеологиялардың таралуы. Алдымен «деструктив» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді.
Дін-ықылым заманнан адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың  әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Бұл кез келген халықтың тарихи тағдырында діннің маңызды рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын негізгі фактор екендігін көрсетеді.
Дін ғалымдарының зерттеуі бойынша, бұл ағымның негізгі бағыты адамдарға діни ақиқатты жеткізу емес, керісінше ақиқаттан алыстатып, жөнсіз түсінікке сендіріп, әлеуметтен оқшауландырып, кереғар көзқарасқа үгіттеу. Деструктивті ағымның жетегінде кететіндердің басым көпшілігі-жастар. Себебі 18-25 жас аралығында жастардың өзін тану, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, «мендік» ұғымымен танысу сәттері жүріп жатады.
Мұндай ұйымдар тұлғаның табиғи үйлесімді, рухани, психикалық және физикалык жағдайына қауіпті болып келеді. Сонымен катар қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоятын жалпы қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивті ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады. Олардың түпкілікті мақсаты - адамдарды бағындыру арқылы заңсыз байлық пен билікке қол жеткізу.
Мәселен, 2016 жылы Ақтөбе мен Алматы қалаларының өзінде 37 оқыс жағдай тіркелген. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап есептегенде бұл көрсеткіш бірнеше еселенеді.
Деструктивті ағымдардың өкілдері жастардың бір идеология аясына жиналуына кедергі келтіріп, қоғам арасына іріткі салады. Белгілі бір дінге деген сенімдерге күмән ұялатады және ғылым-білімнің дамуына қарсы. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде жағымсыз үгіт-насихат таратады, құндылықтарды жоққа шығарады. Мемлекет бақылауынан тысқары, барынша астыртын жұмыс істеуге тырысып, Ата Заңымызға қарсы әрекеттер жасайды. Негативті көзқарастарды ел арасында таратады.
ХХІ ғасырдың  негізгі сипаттарының бірі - идеологиялық әралуандылық пен пікір плюрализмі. Осының арасында діни наным-сенімдер мен көзқарастар аса маңызды рөл ойнайды. Бұлардың барлығы қоғамға игілік әкеледі деп айту қиын. Өкінішке қарай ішінде теріс пиғылды жат ағымдар да жеткілікті. Жат ағымдардың сыртқы мақсаты-адамдарға жақсылық әкелу болып көрінгенімен, шын мәнінде көптеген жұртшылық осы теріс идеялардың себебінен зардап шегуде.

Алмат Шадиев,
Облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін417
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7830
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3737
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255406

Серіктестер