Онлайн газет



Жастар жасыл ел үшін!


Байзақ ауданында сенбіліктер науқаны жалғасуда. Қоршаған ортаны тазалау, ауылдарды жасыл желекпен жайқалту жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Көктемгі қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығына түймекенттік жастар да өз үлестерін қосуда.
Өткен сенбі күні ұйымдастырылған сенбілікке ауылдың үлкен-кішісі ұйымшылдықпен қатысып, жан-жақты күл-қоқыстан арылтты. Бұл күні сонымен қатар, Түймекент ауылы «Жастар орталығының» ұйымдастырушысы Ж.Айтуғановтың ұйытқы болуымен 14-29 жас аралығындағы жастардан құралған ұл-қыздар ауылдағы Д.Қонаев атындағы үлкен көшенің бойына жүзден астам қараағаш егіп, әктеді. «Жастардың қолымен егілген талдар ендігі жерде олардың қадағалауында болады», - дейді ауылдағы «Жастар орталығының» жетекшісі Жангелді Айтуғанов. Келешек егелерімен бірге өсіп-өнетін жасыл желектер ауылға көрік беретініне шүбәміз жоқ.

Өз тілшіміз.

Обновлено 16.04.2014 15:29
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6600
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада22122
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда36629
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4398787

Серіктестер