Онлайн газет



АВТӨЛІКТІ ӨРТТЕН САҚТА

2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша Байзақ ауданының аумағында 6 автокөліктің өртенуі мен 3 электр сымдарының қысқа тұйықталу оқиғасы орын алды.
Автокөліктердегі пластик, полимерлік және синтетикалық материалдар тез тұтанып, таралатындықтан өртке қауіптілігі жоғары. Мысалы, жеңіл автокөлік  5- 10 минут ішінде жанып кетеді. Бұған қоса оның жануы кезінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіпті, жоғары токсинді заттар бөлінеді. Сол себепті өрт сөндіргіштің болуы-жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды.
Автокөліктегі өрттің негізгі себептерін атап өтер болсақ, қозғалтқыштың электр өткізгіштерінің (электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы) абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу шамымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін киізбен жылыту), отын құбырының үзілуі немесе ақауы болып табылады.  Көбінесе автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан орын алып жатады.
Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында техникалық тексеру жүргізген кезде мемлекеттік өрт бақылау бөлімі келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:
•қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
•электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
•қосымша электр құрылғыларының, электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және тағы басқа дұрыс орнатылуы;
•ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы. 
Сонымен қатар, автотұрақ бөлмелерінде/гараждарда:
•жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сондай-ақ электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға;
•электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
•автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;
•бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
•жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға болмайды.
Таяуда аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  автокөліктерде өртті сөндірудің алғашқы құралдарының (өрт сөндіргіштердің) болуына, оның жарамдылық мерзіміне баса назар аудара отырып,  жүргізушілерге өртке қарсы нормаларды сақтау қажеттігін түсіндіріп,  жадынамалар таратты.

Архат Өксікбаев,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық майор капитаны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1108
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8521
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4428
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256097

Серіктестер