Онлайн газет



ПНЕВМОКОКК ИНФЕКЦИЯСЫ

Пневмококк инфекциясы- бұл Streptococcus pneumoniae бактериясынан туындаған инфекциялар. Бұл бүкіл әлемде ауыр пневмонияның және пневмониядан болатын өлімнің ең көп тарағандықтан негізінен балаларды зақымдайды.
Пневмококктар көптеген жағдайлардың дамуына себеп болады: менингит (жұмсақ ми қабықшасының қабынуы). Ол сондай-ақ қан арнасына еніп, бас немесе жұлын айналасындағы тіндерге түсіп, іріңді менингит тудырады.
Инкубациялық кезең 1-ден 3 күнге дейін созылады. Пневмония (өкпенің қабынуы) Пневмококкты инфекция ауа-тамшы жолымен таралады. Мысалы, жөтел, әсіресе тығыз байланыста болған кезде. Көбінесе  қыста немесе ерте көктемде болады. Қоздырғыш өкпеге түскенде ол пневмонияны тудыруы мүмкін, сепсис (қанның зақымдалуы), жіті орташа отит (ортаңғы құлақтың қабынуы).
Егер науқастар:
- 2 жасқа дейінгі балалар;
- шала туылған нәрестелер;
- 5 жасқа дейінгі жиі ауыратын балалар;
- созылмалы аурулары бар балалар; - мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар болса, пневмококк инфекциясынан туындаған аурулардың даму қаупі артады. 
Пневмококк ауа-тамшылы жолмен-түшкіру, жөтелу, сондай-ақ сілекей жұққан заттармен (қасықтар, шыныаяқтар, ойыншықтар және т.б.) жанасу арқылы беріледі.
Пневмококк инфекциясын қалай болдырмауға болады?
Пневмококкты инфекциядан қорғанудың ең тиімді әдісі-бұл вакцинация. 2010 жылы өзінің Ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны енгізген алғашқы ел. Профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация 2, 4 және 12-15 айда жүргізіледі. Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация тек иммунизацияланған балалар арасында ғана емес, сонымен қатар инфекцияның таралуының қысқаруына, халық арасында да аурушаңдықтың айтарлықтай төмендеуіне септігін тигізеді. Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация  жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, сондай-ақ  асқыну кезеңіндегі созылмалы аурулар кезінде егілмейді.  Бұндай жағдайда вакцинация сауыққаннан кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізіледі.  Егуді жүргізер алдында егілетін адамның медициналық құжатында профилактикалық егуді жүргізуге рұқсатты ресімдей отырып, егілетін адамды міндетті түрде дәрігер тексеру қажет.
Біз, ешқандай қарсы көрсеткіштері жоқ болса да өзіне және өз балаларына егуден бас тартқан азаматтардың вакцинацияға назар аударуын сұраймыз. Вакцинация - қауіпті емес, бас тартар алдында ойланыңыз.
Есіңізде болсын! Балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда. Балаңызға вакцинацияны уақтылы алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуіне көмектесіңіз.

Рита  Алтынбасова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1115
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8528
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4435
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256104

Серіктестер