Онлайн газет



СУ КАНАЛДАРЫ МЕН ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аудандағы көктемгі дала жұмыстары мен су каналдарының жай-күйімен танысты.
Облыс әкімі алдымен  «Сеңкібай», «Өтеміс» каналдарына барып, бетондау жұмыстарын биыл аяқтау бойынша нақты тапсырма берді. Жауаптылар вегетациялық кезең аяқталғанда бірден іске кірісіп, жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауға уәде берді.
Бұдаң соң Ербол Қарашөкеев қант қызылшасы алқабына барды. «Адлер» шаруа қожалығы 20 жылға жуық егістікпен айналысып келеді. Өткен жылы 16 гектар аумаққа қант қызылшасын егіп, одан алынған  өнімнің 1400-ден аса тоннасын қант зауытына өткізген. Шаруа қожалық тамшылатып суару технологиясын тиімді пайлануда.
- Егін шаруашылығында тамшылатып суару технологиясын енгізу көлемін ұлғайту қажет. Бұл суды үнемдеуге айтарлықтай үлес қосады. Аймақта тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады. Зауыт өндірген жүйелерді өз шаруаларымыз жұмыс тәжірибесіне енгізуі маңызды,- деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өнімді терең өңдеу, шағын консерві зауыттарын салу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.
«Байназаров» шаруа қожалығы пияз алқабынан бөлек бидай, арпа, жүгері, көкөніс, қант қызылшасы және көпжылдық шөп егуге көңіл бөлген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қожалықта 2 трактор, 1 комбайн және 5 дана тіркеме жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, алқап басында облыс әкіміне ауданның көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 16.04.2024 11:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін758
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада758
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28640
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280309

Серіктестер