Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛУДА

Еліміздің кейбір өңірлерінде тасқын судың беті әлі қайта қойған жоқ. Тіпті кейбір облыстарды екінші қайтара су басу қаупі бар екені айтылуда. Ал бұған төтеншеліктер мен әскерилер, еріктілер, аталған облыс, аудан, ауыл халқы оның алдын алуға барынша жұмылуда. Сырттан көмекте  берілуде. Дегенмен қызыл судың бетін қайтару оңайға түспей отыр.
Тасқын судан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созып жатқандарда аз емес. Мемлекет  тарапынанда көмек көрсетілуде. Міне бұл игілікті істен біздің ауданымыздың тұрғындары да  шет қалып жатқан жоқ.
Өткен аптада «Amanat» партиясы аудандық филиалының бастамасымен  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен ауылдық округтер, жекелеген азаматтар  батыстық ағайындарға көмек қолын созуда. Олардың арасында «Rola-7», «Тараз-Май», «Рауан», «Талант», «Құдайбергенова», «Бекұзақ», «Royal-Palace», “Aidyn Hall” ЖШС, жеке кәсіпкерлер, Көптерек, Қызыл жұлдыз, Темірбек, Мырзатай, Үлгілі, Ынтымақ, Ботамойнақ, Қостөбе, Жаңатұрмыс, Көктал, Жалғызтөбе ауылдық округ тұрғындары да бар. Сондай-ақ бұл сауапты іске ауданымыздағы Ауған соғысы ардагерлері,  аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Димаш Мұхаметжанов тәрізді жекелеген азаматтарда  өз үлестерін қосты. Олар макарон, күнбағыс майы, ұн, қант, күріш, шәй, тұз, картоп, печене тәрізді азық-түлік тауарларын, көрпе, матрас, жастық, сүлгі, перде, төсек жаймасы, әртүрлі киім-кешек, сабын, ұнтақ, памперс, майлық, күрек, резина етік, қап, басқада шаруашылық заттарын жиыстырып, батыстағы су алып жатқан ауылдарға көмек ретінде жіберді.
Бұған дейінде ауданымыздан Ақтөбе облысындағы ағайындарға азық-түлік, киім-кешек, төсек орын, ақшалай көмек жіберілген болатын.
«Кімде-кім қайырымдылық жасаса, сол қайырымы өзіне бірнеше есе болып қайтады» демекші, қайырымдылық жасаған азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін731
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада731
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28613
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280282

Серіктестер