Онлайн газет



ТҰРМЫСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

Жамбыл облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылғаны белгілі. Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу болып табылады.
Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерді шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясы, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары кірген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңы өткен аптада  Қостөбе ауылдық округінде өз жұмысын бастады.
Қоғамдық қабылдауға келген 50 - ге жуық тұрғындар тұрмыстық мәселелерді қозғады.  Кездесу барысында ауыл азаматтары қаңғыбас иттерді аулау, ауыз су мәселесі, кәмелет жасқа толмаған балаларға жәрдемақы алу сауалдарын көтерді.  Мәселен, “Ауыл аманаты” жобасы аясында, Диқан ауылынан келген Р. Мырзабеков шағын бизнесін жүргізу үшін қажетті мәлімет алды.  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаровқа ауданда қоғамдық уақытша жұмысшы ретінде тіркелген азамат жұмыс барысында тап болған кедергілер бойынша шағымын жеткізді. Сондай-ақ, сот орындаушылардың қызметіне наразылығын жасырмады. Осы тұста департамент басшысының бірінші орынбасары шағымдарды негізге алатындығын жеткізді.
“Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, келуші әр азаматтың сауалы кері байланыс орнату арқылы назарда болатындығын атап өтті.
Айта кету керек, жоба Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру” атты мемлекеттік - әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.
Аталған жоба алдағы уақытта қалған 8 аудан және Тараз қаласында өз жалғасын табатын болады.

Айдар Алдабергенов.

Обновлено 16.04.2024 11:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін178
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1307
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7819
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259488

Серіктестер