Онлайн газет



БЕЛГІЛІ ӘНШІГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өткен аптаның бейсенбісінде  аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде ҚР “Еңбек сіңірген әртісі”, “Парасат”, “Құрмет” ордендерінің иегері Бағдат Сәмидинованың “Мен даланың қызымын” атты ән кеші  болып өтті.
Биыл 70 жасқа толып отырған атақты әнші, Меркі ауданының тумасы Бағдат Сәмидинова әуелете салған әндер тыңдармандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында Роза Бағланова атындағы Қазақ концерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі Бағдат Сәмидинованы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов құттықтады.
Бақыт Алпысбайұлы Бағдат Сәмидиноваға мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін құт дарыған Байзақ тұрғындары атынан шынайы алғыс сезімін жеткізіп, ұлттық дәстүрге сай құрмет көрсетті. Өз кезегінде Бағдат Сәмидинова аудан әкіміне алғысын білдірді.
Ән кешінде әншінің ғұмырдерегі туралы бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар көрермендер әншінің орындауында “Мен даланың қызымын”, “Туған жер”, «Бір тамаша», «Бақыт тілеймін», «Бегімайдың арманы», «Өмір солай», «Бағала», «Отырардағы той», «Күлгін жаш», «Сағындым сәулем», «Сарыарқа», «Армандастар» әндерін ыстық ықыласпен тыңдады. Сондай-ақ кеште эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті оркестрінің жетекші әншісі Досымжан Таңатаров және «Астана» тобы орындаған әсем әндер көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ақ жаулықты аналар мен бүлдіршіндер әсем әуен ырғағына қосыла биледі.
Жиналған қауым рухани байып, бір демалып қалғандарын әншінің құрметіне ұзақ қол шапалақтап,  өздерінің алғыстарын білдірді.
Өзіне көрсетілген құрмет үшін әнші Бағдат Сәмидиновада аудан халқына ризашылығын айтты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Обновлено 16.04.2024 11:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін447
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада447
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда8088
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259757

Серіктестер