Онлайн газет



САЙЛАУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛАДЫ

Өткен аптаның жұмасы күні аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында оқыту-семинар кеңесі болды.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, жүргізіп отырған  семинарға ауданымыздағы учаскелік сайлау комиссияларына жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Онда «Сайлау құқығының принциптері және сайлау жүйелерінің негізгі аспектілері туралы»  тақырыбында Серғали Өмірзақұлы, «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, олардың мәртебесі және өкілеттіктері туралы» тақырыбында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілқайыр Боранбаев, «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлау округтері мен  учаскелерін құру жүйесі туралы» тақырыбында Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарас Жақыпбеков, «Дауыс беру тәртібі және дауыс беру қорытындыларын анықтау туралы», «Қазақстан Республикасындағы байқаушылардың қызметін қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт, сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу туралы», «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау  заңнамасындағы құқықтық жауапкершілік туралы» тақырыптарында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комисссиясы төрағасының орынбасары, мүшелері Талғат  Жамалов, Мейіржан Сембеков, Еркін Жапаровтар, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» «Қазақстан Республикасындағы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша өкілі Арын Асқарбеков, «Сайлауда мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру туралы» Байзақ ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы Баян Етекбаева, «Кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері. Стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу  орталығының төрайымы Зейнеп Дәуреновалар баяндады.


Ауданымыздағы №126 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сәкен Сыздықовтың басшылығымен «Дауыс беру күні» тақырыбында іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Ал «Трипл ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  өкілі Олжас Сейтқадырдың жетекшілігімен учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған тестілеу жүргізілді.
Семинар бойынша баяндамашыларға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Семинар соңында оған қатысушыларға Серғали Айдапкелов сертификаттар табыстады.
Бір күнге созылған оқыту - семинардың жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктіліктерін арттыруға тигізген пайдасы мол болды.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 16.04.2024 11:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1069
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6720
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2627
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254296

Серіктестер