Онлайн газет



АУЫЛДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ - ОРТАҚ МІНДЕТ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына тұрғындар белсене қатысуда.
Сәуірдің 13-күні ұйымдастырылған сенбілік барысында“Тараз-Сарыкемер”, “Диқан-Сарыкемер”, “Байзақ-Сарыкемер” бағытындағы жол бойлары ретке келтірілді. Жаппай тазалау жұмыстарына барлық ұйымдар мен мекемелер, бөлім қызметкерлері құрал-саймандарын алып, білек сыбана атсалысты. Олар өздеріне белгіленген, тиесілі аумақтарды қоқыстардан тазартты. Бейберекет тасталған қоқыстар шығарылып, ретсіз өскен шөптер шабылды,  қураған ағаш бұтақтары кесіліп, ауқымды жұмыстар атқарылды.
Тазалық-аудан келбетін арттырып, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шараның бірі. Айтулы шарада аудандық орталық аурухана мен емхана ұжымдары, Мансап орталығы,  аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері, “Байзақ су”,  №8,9 спорт мектептері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, жастар орталығы, Гоголь атындағы мектеп,  №1 және Сарыкемер  мектеп гимназиялары, “Балдырған”, “Теремок”, “Астана” балабақшалары, №3 Байзақ колледжі, аудандық тарихи-өлкетану музейі, Байзақ ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің ұжымдары белсенділік танытты.
Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығы аясында  ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы ауданымызда өткен 6 сенбілікке барлығы 7224 адам қатысты. 4366 шаршы метр елді мекендер абаттандырылды. 4307 дана тал-дарақтар отырғызылып, 122,3 шақырым каналдар мен арықтар тазаланды. 185 тонна қоқыс шығарылды. 21 ескерткіштердің аумақтары тазартылып, 1930 жол бойындағы бағаналар  сырланды. 299,2 шақырым көше, аулалар тазаланды.
Тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу - әрбір аудан тұрғындарының міндеті. Өйткені, көгал – көшенің көркі, санитарлық тазалық-денсаулықтың кепілі. Ауданның, ауылдың тазалығы-ортақ міндет болғандықтан игілікті істен қалыс қалмай, ұйымшылдық танытқанымыз абзал.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1160
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6811
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2718
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254387

Серіктестер