Онлайн газет



ҚАЙТЫС БОЛУДЫ ТІРКЕУ

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінің талаптарына сай, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін біріншіден медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы анықтама негіз болып табылады.
Екіншіден егер медициналық ұйымға жүгінбей, белгіленген нысандағы анықтаманы алмаған жағдайда, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Яғни, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болу фактісін анықтау туралы арыз азаматтық хал актілерін тіркеу органдары қайтыс болған адам жайында оны тіркеуден бас тартқаны туралы арызданушыға жазбаша жауабы болса ғана сот өндірісіне қабылданып, қаралуға жатады.
Арызданушы өзінің арызында оған осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген дәлелдемелерді ұсынбау, заңда белгіленген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамағанын және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмағанын көрсетеді.
Арызданушылардың өздерінің туыстарының қайтыс болуына байланысты қайғырып,қайтыс болуды уақтылы тіркемеуі қайтыс болу фактісін анықтау туралы арызбен сотқа жүгінуге әкеп соқтырады. Сондықтан азаматтарға туыстары қайтыс болған жағдайда, жергілікті медициналық ұйымға жүгініп, қайтыс болғаны туралы медициналық ұйымның анықтамасын жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне ұсынып, заң жүзінде қайтыс болуды тіркету қажет.
Аталған рәсімді білмейтін азаматтар көп. Сол себептен бұл мәселені сотқа дейін жеткізбес үшін, осы талаптарды әр азамат білгені жөн.
Сонымен қатар, қайтыс болған азаматты жерлеу кезінде жергілікті имамдар тарапынан азаматтардың қайтыс болу рәсіміне қатысқан кезінде, туыстарынан міндетті түрде қайтыс болу фактісін тиісті органдарға хабардар ету, жергілікті тұрғындардың туыстары қайтыс болған кезінде медициналық ұйым қызметкерлерін шақыртып, қайтыс болу фактісін куәландыру заңнамалық талаптарын сақтау қажеттілігі мәселесін халыққа жеткізуі тиіс.
Ауылдық округтердің әкімшіліктері жергілікті тұрғындарға осы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, тұрғындар туыстарының қайтыс болуын уақытылы тіркеп, қайтыс болу туралы куәліктерін алып, сотқа жүгінуге қажеттілік туындамас еді.

Аңсабек Назарқұлов,
аудандық соттың  судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1130
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6781
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2688
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254357

Серіктестер