Онлайн газет



ОНЛАЙН КРЕДИТ

Бүгінгі таңда көп таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі-интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламторды жетік меңгерген әккілер әлеуметтік желілерді  ұтымды пайдаланудың нәтижесінде қалталарын қалыңдатуда.  Мәселен ең жиі кездесетін интернет арқылы сауда жасау, қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар.
Талдау нәтижелері көрсеткендей,  өткен жылы интернет алаяқтықтың 90 дерегі тіркелген. Оның ішінде, қаржы саласында 44 жағдай орын алған. Яғни бұл қылмыстар заңсыз онлайн-қарыздарды рәсімдеуге, банк шоттарынан ақша қаражатын ұрлауға және капиталды ұлғайту жөніндегі жобаларға қатысуға байланысты. Ал 46 дерек онлайн сатып алулар мен қызметтерге қатысты анықталған екен.
Биылғы жылы елімізде жыл басынан бері 1,5 мың интернет алаяқтық қылмысы тіркелген көрінеді. Осыдан-ақ сіз бен біз үшін ең қауіптісі-интернет алаяқтық екенін  түсінген боларсыз. Мысалы банк қызметкері сізге қоңырау шалып, сіздің атыңызға біреу онлайн несие  рәсімдеп жатыр деп, банкомат карточкасының нөмірін сұрайды. Сіз ақпаратты жайып салысымен,  қылмыскерлер сіздің банкомат карточкаңыз арқылы ақпаратты иеленгеннен  кейін, сіздің атыңызға несие рәсімдейді. Осылайша сіз  қарызға батасыз. Сондықтан алаяқтардың құрығына түспес үшін жеке басқа қатысты ақпаратты ешқашан ешкімге бермеген жөн. Яғни жеке мәлімет­те­ріңіз бен куәлік, банк картаңыздың суретін ешкімге жіберуге болмайтындығын есте ұстаңыз.
Технологияның дамуы мен интернеттің кең қолданысқа енуімен  байланысты интернет алаяқтық тек Қазақстан ғана емес, көптеген басқа елдерде кездесетін күрделі мәселеге айналды.
Қазіргі таңда банкке бармай-ақ онлайн аударымдар мен төлемдер жасауға, басқа да қаржылық операцияларды орындауға барынша жағдай жасалған. Сонымен қатар, банк терминалдары, пластикалық карталар, операторлық орталықтар, онлайн қаржылық қызмет түрлері мен онлайн кеңесшілер пайда болды. Осыған сай кез келген адам банктік шотты, депозитті онлайн ашып немесе несие алып, цифрлы форматта рәсімдеулер жүргізе алады. Мұның бәрі үшін белгілі бір деңгейдегі қаржылық білімді талап етеді. Сондықтан әр азамат қаржылық және құқықтық жағынан сауатты болса,  алаяқтардың қақпанына түспейтіндігі айдан анық.

Алтынай  Құрманбаева,
аудандық соттың маманы, сот отырысының хатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін322
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5973
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1880
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253549

Серіктестер