Онлайн газет



БІЛІМДІ ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, өрісі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, білімді де білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде.
Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші-жастар, бүгінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып келеді. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген, Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алады.
Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлт жанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу-қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Расында, бүгінгі жас-ертеңгі елдің тірегі, келешектің көрінісі. Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор.

Айқыз Шәмші,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін751
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6402
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2309
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253978

Серіктестер