Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛМЕН КҮРЕС

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізіліп келеді. Көктал ауылында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік құралдар: мемлекеттік мекеме ғимараттарында стендтер, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған жәшік, сенім телефондары орналастырылған. Сондай-ақ,  халық көп шоғырланған қолжетімді жерлерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жадынамалар таратылып берілуде. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар қатаң бақылауда. Азаматтардан  келіп түскен арыз-шағымдар өз мерзімінде қаралып, тиісті жауаптары берілуде.
Бұдан бөлек Көктал ауылындағы мекеме басшылары мен қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Жемқорлықсыз болашақ!» тағы басқа да  тақырыптарда іс-шаралар өткізілуде. Осындай шаралардың мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметкерлер арасында заңнамалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыра отырып, жұмыстарды жандандыру.
Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті. Сондықтан аталмыш індетпен бірлесе отырып күрескенде ғана нәтижелі болатындығын ұмытпайық.

Серік Қайпулдаев,
Көктал ауылының әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1248
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6899
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2806
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254475

Серіктестер