Онлайн газет



ҚҰМАР ОЙЫН АЗДЫРАДЫ

Құмар ойынның зияны туралы талай мәрте айтылып та, жазылып та келеді. Әліде талай айтыла береді.
Әлеуметтік желіге қарасаңыз «Ата-анамның абыройына нұқсан келтірмеймін, бәрі өзімнен болды», - деп өкінетіндер қаншама? Алдында аз ақшамен ойнап, артында құнығушылығы артып, еркінен тыс алып бара жатқанын, бірте-бірте құмарлығы асып түсіп, өзгені ұмыта бастағанын тілге тиек етеді. Мұндайды естіп, аяушылық білдіресің. Емделіп шығып, өндірісте жұмыс істеп жатқандарына сүйсінесің. Жүз пайыз емделгендердің 15 пайызы қайтадан құмар ойынға тәуелді болады екен. Бұл ойынға берілгендер ашуланғыш, көп сөйлемейтін, ішінен тынатын, өзгеден қарыз сұрап алғыш болып келетіні дәлелденген. Бұның арты ұрлық, алаяқтылықпен аяқталады да сондай жандардың 20 пайызы құмар ойынның құрбаны болып шығады.
Бұл ойындарға әзірше тоқтау болмай тұр. Бізді бұл ойынды серік еткендердің көбі жастар болып келетіні қынжылтады. Ал бұдан құтылудың бірден-бір жолы-спортпен тұрақты айналысу дер едік. Әр ауыл жастары арасында жиі-жиі  спорттық жарыстар, әртүрлі тақырыптарда байқаулар өткізіліп тұрса дейміз. Ондай жарыс, байқауларға міндетті түрде аға буын өкілдері қатысса, жас ұрпақ пен алдыңғы буын ағалар арасында сабақтастық орнайды. Түсініспеушіліктің жолдары кесілер еді. Жастар, аға буын, ата буындар арасында кездесулер жиі-жиі болып тұрса нұр үстіне нұр болады.
Жастарға айтарымыз құмар ойындарға тәуелді болмай, отбасымызға, елімізге пайдалы істермен айналысайық. Бойымызды жаман әдеттерден аулақ ұстап, алдыңғы қатарлы, өркениетті елдің жастары болуға лайықты іс атқарайық. Құмар ойын адамзатты аздыратын ойын екенін ұмытпайық.

Елдос ӘЛІМЖАН,
Түймекент ауылдық округі аппаратының жастар ісі жөніндегі маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін324
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5975
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1882
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253551

Серіктестер