Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Биылғы жылдың 8 сәуірінен бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Мәдениет  және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды.
Аталған акцияны жергілікті жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдары, еріктілер алғашқылардың бірі болып қолдап, іске кірісіп кетті. Аталған науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. Мәселен, алғашқы апта «Таза өлке». Бұл аптада елді мекендердің тұрғындары, мекеме-ұйым қызметкерлері өз аумақтарындағы аулаларды тазалайды. Екінші апта «Киелі мекен». Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады. Үшінші апта «Жасыл  аймақ». Аталған аптада көшет отырғызу, ағаштар түбін әктеу жұмыстары жүргізіледі. Төртінші апта «Өнегелі ұрпақ». Бұл жолы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделген. Ал соңғы бесінші аптадағы «Мөлдір бұлақ» деген атауда акция қорытындыланып, өзендер мен көлдер қоқыстан  тазартылатын болады.
Аталған акция өңіріміздегі тазалық, көріктендіру және көгеріштендірудің екі айлығымен тұспа-тұс келіп отыр. Кім болсада өзінің туып-өскен жері, ауылының таза да көрікті болғанын жақсы көреді.  Әрі таза жердің ауасыда таза болады, денсаулыққа пайдалы. Сондықтанда аталған бастаманы қолдай отырып, әркім өз ауылының таза да, көрікті болуына үлесін қосулары керек.


«Тазалық-тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде болады», - демекші ауылдарымызды үнемі таза ұстауға бәрімізде атсалысайық.

*   *   *
Бес аптаға  созылатын «Таза Қазақстан» тазалық акциясы Тараз қаласынан бастау алса, өскелең ұрпаққа игілігі мол шарадан аудан тұрғындарыда тыс қалмады. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов арнайы қатысқан шара аудан орталығындағы  «Астананың 10 жылдығы атындағы саябақта» өтті. 
Онда алдымен аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы акцияның мақсатына тоқталып, өз өңірімізде тазалыққа ден қойып, көгалдандыру жұмысын қолға алу керектігіне тоқталды. Тал, гүл көшеттерін көбірек отырғызып, арықтар мен каналдарды тазартып, ретке келтіруге басымдық берді.
Ертемен саябақты тазалау жұмыстары жүргізіліп, сәндік көшеттер отырғызылды. Іс-шараның мақсаты-аудан тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық  деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады.
Іс-шараға қатысқан 200-ге жуық еріктілер мен жастар 100-ден астам сәндік ағаштар егіп, көптеген жерді тазалады. Сондай-ақ 1 шақырымға жуық каналдар мен арықтарды тазалап, 5 тоннаға жуық қоқыстарды сыртқа шығарды.
Адам-табиғаттың төл перзенті. Сондықтанда халқымыз көктем келісімен алдымен өз ауласын  тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер еккен. Су ағатын арықтарды ретке келтіріп, каналдардың көзін ашқан. Міне ата-бабаларымыздан қалған осындай жақсы істерді біз үнемі жалғастырып отырғанымыз дұрыс болады.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 12.04.2024 11:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1217
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6868
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2775
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254444

Серіктестер