Онлайн газет



ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР ОРТАҒА САЛЫНДЫ

«Amanat» партиясы аудандық филиалының мәслихаттағы депутаттық фракциясы мен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өткізілді.
Оның жұмысына фракция мүшелері және аудандық партия филиалының  төрағасы Индира Спаналиева мен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алтынбек Жамишжанов қатысты.
Бірлескен отырысқа аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, партия ардагері Жұманғали Құмғанбаев эксперт ретінде шақырылды. Аталмыш отырыста күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алдымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан «Салық, бюджет, су, құрылыс кодекстерін» және мемлекеттік сатып алу заңнамасы жобалары талқыланып, тиісті ұсыныстар енгізілді.
«Көктем мезгілінің келуіне байланысты, ауданда су тасқынының орын алуы, сондай-ақ құрғақшылық, егістік науқанның басталуына орай су, жанар-жағармай тапшылығының алдын алу» жөнінде аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков,  «Аудан көлемінде  көктемгі егін науқанына дайындық жұмыстарының барысы» туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев, «Ауданның тарихи, мәдени мұрасын күтіп-ұстау және вандализмнен сақтау барысында атқарылып отырған жұмыстар» туралы аудан әкімдігі  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов есеп берді.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен талқыланып, олардың кейбіріне қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға салынған соң, тиісті шешімдер қабылданды.

Жұлдыз Мамықова,
“Аmanat” партиясы аудандық филиалының консультанты.

Обновлено 12.04.2024 11:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін955
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада6606
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда2513
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254182

Серіктестер