Онлайн газет



ҰЛТЫНЫҢ ЖАНАШЫР ПЕРЗЕНТІ

Халқымыздың біртуар тұлғасының бірі - Шона Смаханұлы. Ол 1924 жылы 5 қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты “Ойық” ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан жастай жетім қалып,  балалар үйінде тәрбиелеген ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін бірнеше жыл ауылдық мектепте ұстаз болып қызмет атқарған. Бала тәрбиесімен айналыса  жүріп, шығармашылықпен де шұғылданған. 1957 жылдан бастап “Қазақстан мұғалімі”, “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газеттерінде, сатиралық “Ара” журналында қызмет істеп, 1973–1983  жылдары “Жазушы” баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Шона Смаханұлы ана тілін құрмет тұту, ұлттық құндылықтарды қастерлеу туралы өлеңдерін жазып,  қазақ тілінде білім беретін мектептер ашу жолында аянбай тер төкті. Өмірдің шындығын қаз-қалпында бере білген оның туған жер, өскен орта, балалық шақ туралы жазылған өлеңдері мен мысал-сықақтары күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтпай келеді. Мысал-сықақтарында адам бойындағы  кемшіліктер мен қоғамда орын алған олқылықтарды сын жебесіне  алған “Тотияин”, “ Шимайбек пен Шыңетпе”, “Қу түлкінің сыбағасы”, “ Ұры тіс”, “ Алтын жұмыртқа”, “Сандықтан шыққан  сайтан”, «Ұр, тоқпағым, ұр», «Айға ұшамын», «Жүз шымшыма, қырық қышыма» атты шығармалары әдебиетімізге қосылған  құнды дүниелер. Сондай-ақ  Шона Смаханұлы “Жамбылым қандай тамаша”, “Егіншілер жыры”, “Анамның тілі”, “Сүйікті ұстазым - мектебім” сынды ән мәтіндерінің авторы. Бұдан бөлек оның орыс тілінде бірнеше кітаптары жарық көрген.
Көп қырлы талант иесі Шона Смаханұлы қазақ сатирасының дамуына, жанрлық түрленуіне дамуына үлкен үлес қосқан.  60-қа жуық кітаптың авторы. Артында  мол әдеби мұра қалдырған,   республикамызда, соның ішінде Алматы қаласында  қазақ мектептері мен балалар бақшаларының санын көбейту жолында  ерен еңбек сіңіргені баршамызға белгілі.
Шона Смаханұлының туындыларын, ол жөнінде жазылған естеліктерді іздеп жүріп оқитын оқырманның бірімін. Ол-Коммунистік партия­ның дәуірі жүріп тұрған заманында өз әкесінің атымен жазылған Бауыр­жан Момышұлы, Балғабек Қыдырбек­ұлынан кейінгі үшінші жазушы. Оның «Өліп-тірілген», «Со­қыршектегі Волга», «Дүние-қоң­ыздың арманы», «Әженің әл­диі», «Шалдан шыққан шатақ», «Түлкі тәрбиеші», тағы да көп­те­ген танымал шығармалары бүгінге дейін сахналарда орындалып, көрермендерін қуанышқа бөлеуде. Халқына адал  қызмет еткен,  ұлтымыздың болашағы, ана тіліміздің мәртебесін биіктету жолында қажымай тер төккен Шона Смаханұлы 1988 жылы  дүниеден озды. Бүкіл ғұмыры өнегелі істерге толы болған ақынның туғанына  биыл 100 жыл толады.
Қазақ  әдебиеті мен мәдениетінде ойып алар орны бар тұлғаның  мерейтойына орайластырылған түрлі форматтағы іс-шаралар  ауданымызда өтуде. Білім мекемелері мен  мәдениет ошақтарында  ақынның  шығармашылығы кеңінен дәріптелуде.

Бақтыгүл Әбдібайқызы,
штаттан тыс тілші.
Түймекент ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін298
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада298
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда7939
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259608

Серіктестер