Онлайн газет



ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Әрбір адам өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін жете түсінбеушілігінен, әр түрлі жағдайларда құқықтары бұзылғанда оны қорғай алмағандықтан келеңсіз жағдайларға ұшырап, кей кездерде өкінішті жағдайларға душар болады. Өз құқықтарымызды қорғап, міндеттерімізді  мүлтіксіз орындайтын болсақ өмірімізде ешқандай келеңсіздік туындамайды.
Адамның жеке басының өмірі, бас бостандығы, қадір-қасиеті ешкімге де қол сұғылмайтын құқығы. Адамның қол сұғылмайтын құқығын Ата Заңымыз қорғайды. Ол үшін еліміздің Конституциясын, оған негіздеп шығарылған заңдарды оқып, түсіне білумен қатар, заңдарды құрметтеп, оны орындай білуіміз қажет.
Жалпы құқықбұзушылық дегенде қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет жатады. Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мақсатта ауылдық округтердегі жастар нұсқаушылармен, жергілікті полиция инспекторларымен бірлесе отырып, жасөспірімдерге қандай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілуде. Сондай-ақ адамның келісімінсіз оның сыртынан мәлімет жинауға, оны таратуға немесе сақтауға рұқсат етілмейтіндігі, әлеуметтік желідегі жарияланған мәліметтер ресми болмаса жүктеп, таратуға  болмайтындығы айтылуда. Сондықтан жастар жасаған кереғар әрекеттері үшін жауапкершілік жүгі жүктелетіндігін  ұмытпағандары абзал. Мәселен, қарапайым болып көрінгенімен, адамның ары-намысына тию, жол ережесін бұзу, өсіп тұрған тал-дарақтарды жұлу,  күл-қоқыстарды кез келген жерге лақтырып тастау, қоғамдық орындарда балағат сөздер айту,  жан-жануларға қатыгездік таныту да заң бұзушылыққа жататындығын білгендері абзал.
Заңды бұзу - жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан әрбір жас, әрбір азамат құқықтық тәртіптер мен нормаларды сақтауға міндетті. Өйткені тәртіп босаңсыған жерде тәртіпсіздік орын алатындығы айдан анық.
Азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетті орындау. «Тәртіпке бағынған құл болмайды...» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай,  қоғамдық қауіпті сипаты бар істерден бойды аулақ ұстау, заңды құрметтеу, заңмен өмір сүрудің маңызды екендігін есте ұстаған абзал.

Жансая Муратова,
аудандық “Жастар ресурстық орталығы” NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің заңгері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1454
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10476
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6383
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258052

Серіктестер